Батыс Қазақстанда ірі азық-түлік дүкені жанып кетті
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ірі азық-түлік дүкені жанып кетті.Өрт аумағы 130 шаршы метрді қамтыды.
БҚО Төтенша жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 6 тамыз күні кешкісін Жәнібек ауылында болды.
Сағат 21.18-де «Удача» дүкенінің төбесі жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. Өрт аумағы 130 шаршы метрді қамтыды.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға №21 өрт сөндіру бекеті (9 техника, 2 техника) және ерікті өрт сөндіру құрылымы (18 адам, 3 техника) жұмылдырылды.
Сондай-ақ жедел құтқару жасағы (2 адам, 1 техника), өрт зерттеу зертханасы (2 адам, 1 техника) мамандары да қатысты.
Өрт бүгін сағат 00.55-те сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.
Өрт қауіпсіздігі – адамдардың, мүліктің, меншіктің, қоғам мен мемлекеттің өpттeн қорғалу жай-күйі. Мұндай төтенше жағдай болмас үшін әр азамат өрт қауіпсізідігі мен пайдалану ережелерін сақтаса жөн боларын ескертеміз.