Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-те Қазақстандағы жоғары оқу орындарын әрі қарай дамытуға қатысты жазба жариялады.

ЖОО-ның академиялық еркіндігі

Министр президент Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейтуді тапсырғанын айтып өтті. 2018 жылы жоғары оқу орындарына академиялық және басқарушылық еркіндік беретін заң қабылданды.

«Осы заңды қабылдау қаншалықты маңызды қадам болғанын жақсы білемін. Қазір осы бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін байқап отырмыз. Министрліктің қандай ұсыныстары бар? Жоғары білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртуға және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негіз болатын «Жоғары білім беруді дамытудың дағдарысқа қарсы жоспары» әзірленді», – деді министр.

Сонымен қатар Аймағамбетов білім беруге бизнес пен өндіріс өкілдерін, шетелдік оқытушыларды тарту, өңіраралық деңгейде маман алмасуын жүйелеудің маңызды екенін айтып өтті.

«Осыған байланысты дәрежелілікке, штатқа, біліктілікті арттыруға және базалық білім беруге қатысты талаптарды қайта қарау қажет деп санаймын. Бұл өлшемдерді жою міндеті тұрған жоқ, дегенмен олар жоғары оқу орындарының еркіндігін шектемеуі керек», – деп жазды Аймағамбетов Facebook парақшасында.

Сонымен қатар дәстүрлі күндізгі оқумен үйлесетін қашықтан және аралас оқыту түрлерін енгізу мәселесін көтерді. Нақты қай форматта оқитынын студенттің өзі таңдайтын болады.

Сондай-ақ, министр ОЖСБ-ны жоюды ұсынды.

«Бақылаудың бұл түрі ешқашан аса тиімді болған емес. Академиялық дербестігі кеңейген әрбір ЖОО өз білім беру бағдарламасын дайындағанда ОЖСБ-ның іс жүзінде қажеттілігі жоқ», – деді ол.

Министрдің ұсыныстары қатарында докторанттардың оқудың бірінші семестрінде диссертацияларының тақырыбын бекітуі ғылыми зерттеудің бағытын анықтауда қолайсыздық тудыратынын, докторант пен оның жетекшісі диссертация тақырыбын бекіту мерзімін жұмыстың пысықталуына қарай өздері анықтауы тиіс екенін айтты.

ЖОО-дағы дағдарысқа қарсы шаралар

«Қазір БҒМ мен жоғары оқу орындарының міндеті – білім беру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етіп қана қоймай, білім алушылардың қаржылық жүктемесін де азайту», – деп атап өтті министр.

Осыған байланысты дағдарысқа қарсы шаралардың бірнеше жолын ұсынды:

  • Жоғары оқу орнының ақылы негізде бір білім алушыға шығатын ең төменгі шығындары мен грант құнының арақатынасы бойынша талаптың күшін жою. Мемлекеттік грант құны артты. Сондықтан, жоғары оқу орындарының баға саясатына бұл кері әсер етпеуі тиіс.
  • Міндетті түрде ғылыми дәрежесінің болуы жөніндегі талаптар мен тәжірибеге бағдарланған даярлық бағыттары үшін штатта жұмыс істеу бойынша қойылатын талаптарды жою.
  • Оқытушылар санының студенттер санына қатынасы бойынша талаптарды жою. Білім беруді дамытудың жаңа жағдайларында бұл талап өзектілігін жойып отыр.
  • Қорытынды бақылау нысаны бойынша талаптың күшін жою. Қаржы, бухгалтерлік есеп, IT, мейрамхана ісі бағыттары бойынша оқу нәтижелері дипломдық жұмыспен емес, нақты тәжірибедегі жұмыс дағдыларымен, демонстрациялық емтихандармен немесе жобалармен расталады. Бұл кейбір ЖОО-да тек «бар болса болды» деген қағидамен жазылған курстық жұмыстарға да қатысты.
  • Пандемия кезеңінде оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде жұмысқа орналасу туралы талап тек талдау жүргізу үшін ескерілетін болады. Ендігі кезекте біз түлектердің жұмысқа орналасуын ғана емес, сонымен қатар осы түлектердің жаңа жұмыс орындарын ашуын да ескеретін боламыз.
  • ЖОО иеленуі тиіс материалдық активтердің түрлері бойынша талаптарды қайта қарау қажет. Активтердің түрлері емес, білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін қажет жағдайлардың болуы аса маңызды.

Сонымен қатар министр ведомствоның «шаңсорғыш» жоғары оқу орындарын анықтау саясатын жалғастыра беруі керек екенін айтып өтті.

Жоғары оқу орындарын саралау

Аймағамбетов бұрын-соңды ҰҚСК отырысында айтылған жоғары оқу орындарын лигалар бойынша саралау бойынша ұсыныс қолдау тапқанын хабарлады.

Бірінші санат: халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті ЖОО-лар.

Екінші санат: ұлттық деңгейдегі бәсекеге қабілетті жоғары оқу орындары.

Үшінші санат: өңірлік ЖОО республикалық деңгейде бәсекелесе алмайды, алайда, өңірлердегі студенттер үшін тиісті деңгейде білім береді және оқыту барысында «өзінің» білім алушысына бағдарланады. Өңірлік немесе салалық жоғары оқу орындары (үшінші санат) үлкен академиялық еркіндік көлеміне ие болады. Бұл жоғары оқу орындарында тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша ғана тексеріс жүргізілетін болады.

Төртінші санат: қалған барлық жоғары оқу орындары. Министрдің айтуынша, олар толық көлемде мемлекеттік бақылауға тартылады, сапа мен сенімнің төмен деңгейде болуына байланысты оларға қатысты көптеген талап пен норма қолданылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-10-12
Утром1.82 ℃
Днем5.44 ℃
Вечером4.63 ℃
Ночью1.84 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра6.32 м/с
2024-10-13
Утром-1.6 ℃
Днем5.61 ℃
Вечером4.64 ℃
Ночью1.85 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра6.65 м/с