«Жемқорлық — індет, аластау — міндет»
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Жасыратыны жоқ сыбайлас жемқорлықпен күрес бүгінде елімізде мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды, себебі бұндай әрекеттің мемлекеттік қызметкерлер тарапынан көрініс табуы мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, қоғамда өкіметке, билікке деген сенімсіздік тудырады.

Өкінішке орай өңірімізде мүндай келеңсіз қылықтар әлі де тыйылар емес. БҚО-да компьютер сатып алуға бөлінген 6 млн теңге ұрланды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.
— БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті «БҚО Қаратөбе ауданының білім беру бөлімі» ММ — нің лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде қызметтік жағдайын пайдаланып ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», — деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Мемлекеттік қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдай енгізілген кезеңде, 2020 жылғы мамырда мердігер ұйымнан бір топ адамдар 100 ноутбук сатып алуға бөлінген 6 млн теңгеден астам сомаға ірі мөлшерде бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталуда.

Сонымен қатар, БҚО-да шенеунік Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге бөлінген 50 млн теңгені жымқырды деп айыпталуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпараты бойынша, шенеунік жымқыруды мердігер ұйымнан «адамдар тобымен» жасаған.
БҚО энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары 2019 жылдың тамыз айынан желтоқсан айына дейін мердігер ұйымнан бір топ адаммен аса ірі көлемде — 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұрлаған.
Ақша Түркістан облысы Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын қалпына келтіру бойынша 46 тұрғын үйді жөндеуге бөлінген еді.
Жемқорлықпен күрес ең алдымен адами фактордың таным-түсінігіне, рухани кемелділігіне байланысты. Әрбір азамат және әрбір мемлекеттік қызметшілер қандай жағдайда болмасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру керек. Сол кезде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға төнген қауіпінен құтыламыз.

