«Гарант 24 Ломбард» Атырау филиалының менеджері Оралда ұсталды
Атырауда «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту, сондай-ақ, алаяқтық дерегімен іздеуде болған азамат Оралда ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шарасының нәтижесінде күдіктіні Орал қаласында қолға түсірген.
«Ұсталған күдікті оқшаулау орнына қамалды. Күдіктіге биылғы ақпанда іздеу жарияланған болатын. Сол кезде Полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің, «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының филиалдары азаматтардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты түскен өтініштер түскен еді. Қазір тұрғындардың өтініштері негізінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде» -деп хабарлады департаменттің баспасөз
Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулықтарды алдаған «НұралиКапитал» ЖШС құрылтайшысы Алматыдан ұсталған болатын.
Ақпан айының соңында Шығыс қазақстан облысы, Қарағанды, Тараз, Ақтау қалаларында ломбардтардың директорларының ұсталғаны туралы хабарланды. Павлодарда «Estate Ломбард» ЖШС және «Гарант 24» ЖШС аймақтық ломбардтарының директорлары қамауға алынды. Ломбардтар мен тұтқындалған кепілдегі жағдайды Атырау облысының полициясы түсіндірді.
26 Ақпанда 12 адамға халықаралық іздеу жарияланғаны белгілі болды.
Сәуір айында істің бас фигуранты, қаржы пирамидасының негізін қалаушы Молдовадан экстрадицияланғаны туралы хабарланды.