Оралда электр энергиясының тарифін көтеру бойынша тыңдалым өтеді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс қазақстан облысы бойынша департаменті 17 тамыз күні сағат 15:00-де Есқалиев көшесі, 177, 6-қабаттағы мәжіліс залында электр энергиясын бөлшек саудада өткізуге «Батыс Энергоресурстары» ЖШС-нің шекті бағасының алдағы көтерілуі туралы хабарлама бойынша жария тыңдау өтетінін хабарлайды.

«ОА» мұрағатынан.

ТМРА департаментінде хабарлағандай, «Батыс Энергоресурстары» ЖШС орташа өткізу тарифін 18,85 теңгеге дейін арттыруды сұраған, қазіргі уақытта орташа өткізу тарифі 16,91 теңгені құрайды.

«Батыс Энергоресурстары» ЖШС тарифті көтеруді сұрауға мәжбүр болды, өйткені 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі электр энергиясына жаңа шекті тарифтерді бекітті.

Сонымен қатар, компания ТЖ режимі кезінде келтірілген шығындарды ескеретінін атап өтті.

Қоғамдық тыңдауларға облыстағы карантиндік шараларды ескере отырып, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, 10 адамнан аспайтын адам қатыса алады: Маска режимін, 1,5 метрден қашықтықты сақтау, антисептиктерді қолдану және т. б.

– Департамент Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін – өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды көпшілік тыңдауларға шақырады, – делінген «Батыс энергия ресурстары»ЖШС сайтында.

Айта кету керек, Орал қаласының тұрғындары мен өзге де мүдделі тұлғалар Facebook әлеуметтік желісіндегі «Батыс Энергоресурстары» ЖШС ресми парақшасында онлайн режимінде көпшілік тыңдауларға қатыса алады https://www.facebook.com/batyser), сондай-ақ «ZOOM» платформасында (https://us04web.zoom.us/j/75720536745?pwd=blZFcW94R09 .. конференция идентификаторы: 757 2053 6745. Қол жеткізу коды: 2Lg4gy).

Көпшілік тыңдауларға қатысу үшін жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша өту керек немесе Facebook қосымшасында Batys Energoresursy іздеуіне енгізу керек.

Әрбір тілек білдіруші онлайн-режимде өз сұрақтарын қоя алады. Қосымша сұрақтар бойынша 8(7112) 98-16-16, 98-16-66 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-15
Утром13.69 ℃
Днем22.49 ℃
Вечером19.57 ℃
Ночью16.17 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра6.15 м/с
2024-09-16
Утром15.85 ℃
Днем24.73 ℃
Вечером23.19 ℃
Ночью19.21 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра8.2 м/с