Оралда бір апта ыстық су болмайды
«Жайықжылуқуат» АҚ басшысы Қуат Мусин 16-23 тамыз аралығында ЖЭО жұмысы толығымен тоқтатылатынын айтты.
– Жыл сайын жылыту маусымының басында біз ЖЭО-ны профилактикалық жұмыстарға тоқтатамыз. Биылғы жылы қала әкімдігінің келісімі бойынша ЖЭО толық тоқтауы 16 тамыз күні кешке жүргізіледі. Алдын алу жұмыстары бір аптаға созылады. Осы уақыт ішінде станцияны тоқтатпай жасауға болмайтын, жұмыс көлемі жасалады. Биыл 1 қыркүйектен 1 қазанға дейін Атырау облысында газ құбырларында жөндеу жұмыстары жүргізіледі, сондықтан бізден барлық алдын алу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды немесе 1 қазаннан бастауды сұрады. Бірақ қазан айында күн суытады, сондықтан біз бәрін 1 қыркүйекке дейін жасауға шешім қабылдадық, – деді Қуат Мусин.