Медальдар дайындалатын металл БҚО-дан Ресейге заңсыз шығарылмақ болды

Батыс Қазақстан облысында жүргізуші 23,5 тонна металды Ресейге жалған құжатпен әкетпек болған. Тексерген кезде аталмыш құжат жалған, электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйе базасында жоқ болып шықты.

«ОА» мұрағатынан.

БҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, экспорттық бақылау қызметкерлері «Сырым» автобекетінде Алматыдан Тольятти қаласына бет алған жүк көлігін тоқтатқан.

Жүргізуші берген ілеспе құжатта салмағы 23,5 тонна, құны 1,4 миллионнан астам теңге тұратын, медаль дайындауға арналған металл деп көрсетілген. Алайда, тексерген кезде аталмыш құжат жалған, электронды шот-фактуралар ақпараттық жүйе базасында жоқ болып шықты. Сонымен қатар жүк жөнелтуші тек тасымалдаумен айналысады, яғни тауардың шығу төркініне қатысы жоқ.

Қазіргі кезде табысты жасыру және салықты төлеуден жалтару мақсатында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан нақты жүк жөнелтушіні анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром26.37 ℃
Днем32.58 ℃
Вечером35.95 ℃
Ночью26.07 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.64 м/с
2025-07-13
Утром20.51 ℃
Днем28.57 ℃
Вечером28.88 ℃
Ночью21.46 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.37 м/с