«СК-Фармацияның» бұрынғы басшысы ұсталды
Ол медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттігін теріс пайдаланған, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

СК-Фармацияның бұрынғы басшысы Берік Шәріп төтенше жағдай кезінде дәрі-дәрмек сатып алу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады жұма күні брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «СК-Фармация» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы, ТЖ кезінде медициналық бұйымдарды сатып алу кезінде өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп мәлімдеді Бигайдаров.
Ол, Берік Шәріп бүгін 14 тамызда сот санкциясымен қамауға алынғанын атап өтті.
Берік Шәріп шамамен бір ай бұрын, президентті елде байқалған дәрі-дәрмектердің тапшылығы жағдайында сынға алғаннан кейін отставкаға кетті.
38 жастағы Шәріп үш ай бойы «СК-Фармация» басқармасының төрағасы болды, бұған дейін компания төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.
Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК-Фармация» ЖШС жұмысын сынға алып, басшылығын жұмыстан босатуды тапсырған болатын. Қажет болса тергеу шараларын да жүргізуге нұсқау берді. Ертесінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов пен «СК-Фармация» ЖШС басшысы Берік Шәріп қызметінен алынды.
12 шілдеде «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметіне Ерхат Есқалиев тағайындалды.