Ақан Сатаев «Қазақфильмдегі» өрт туралы: Әдейі жасалды
«Қазақфильм» студиясындағы «өрттің әдейі жасалғаны анық». Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ президенті Ақан Сатаев Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
«Мен өкінішке қарай жанып кеткен «Қазақ хандығы» кинокартинасының декорациясының ортасында тұрмын. Өртенген екінші нысан осы жерден 200 метр қашықта орналасқан. Өрттің әдейі жасалғаны анық. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі жағдайдың шығыны аса көп емес. Біз осыны жасаған қылмыскерлерді табамыз деген үміттемін»!
«14 тамызда сағат 21:33-те кезекші пультіне Әл-фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндіруде», – деді ТЖД баспасөз қызметі.
«Қазақфильмнің» аумағында – оттың екі ошағы бар – жеке тұрған сарайдың астында, сақталған ағаш өртеніп кеткен, сондай-ақ екі қабатты ағаш құрылымда, өрттің таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті сөндіруге 53 адам мен 16 техника жұмылдырылды», – деп нақтыланды ТЖД.
Куәгерлер өрттің видеосын ғаламторға жариялап жатыр. Ақпарат көзінің хабарлауынша, өрт декорациялар сақталатын қоймалардың бірінде болған.