Бас санитар дәрігер қандай жағдайда Қазақстан қатаң карантинге оралатынын айтты

Есмағамбетова карантинді жеңілдету бойынша қабылданатын шешім әрбір азаматтың жауапкершілігіне байланысты екенін ескертті.

Ашық көздерден.

Карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңінен өтпесек, қатаң карантинді енгізуге тура келеді. Бұл туралы бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті.

Оның айтуынша, карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету үшін нақты үш көрсеткіш бар. Соның бірі – репродуктивті көрсеткіш, яғни вирустың бір адамнан таралу деңгейі. Қатаң карантинге дейін осы көрсеткіш R-1,72 болған. Бүгінде ол 0,78-ге дейін түсіп отыр. Бұдан бөлек, соңғы бір аптада 100 мың адамға шаққанда қанша науқастың тіркелгені назарға алынады.

«Осы көрсеткішке сәйкес, бір аптада 100 мың адамға шаққанда 80 науқас тіркелуі керек. Біз оны 73,7-ке дейін жеткізіп, орындап шықтық. Сонымен қатар, қайтыс болу көрсеткіші бар. Ол соңғы жеті күннің ішінде 2-ден төмен болуы шарт. Бүгінде осы көрсеткіш 1,67-ні құрап отыр. Міне, осы үш көрсеткішті орындап отырғаннан кейін карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуге шешім қабылданды», – деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бас санитар дәрігер 17 тамызда карантиндік жеңілдетудің алғашқы кезеңінің басталатынын ерекше атап өтті. Одан дұрыс өтпесек, қатаң карантинді енгізуге тура келеді.

«Егер бәріміз, соның ішінде кәсіпкерлік нысандар және қарапайым халық денсаулығына дұрыс қарамай, негізгі санитарлық нормаларды сақтамаса, онда жаңағы көрсеткіштердің бәрі қайтадан нашарлап кетеді деген қауіп бар. Сонда ауруды қайтару, науқастарды азайту, өлімді төмендету, жалпы, денсаулық саласына түсетін салмақты азайту үшін карантиндік шараларды күшейтуге тура келеді. Сондықтан карантинді жеңілдету бойынша алға жылжимыз ба, жоқ, әлде кері қайтамыз ба, бұның барлығы өзімізге байланысты», – деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-08
Утром-12.02 ℃
Днем-7.95 ℃
Вечером-8.27 ℃
Ночью-9.56 ℃
Влажность85 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра4.3 м/с
2025-02-09
Утром-11.77 ℃
Днем-6.57 ℃
Вечером-7.73 ℃
Ночью-9.24 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1041
Скорость ветра4.68 м/с