Оралда бизнес нысандарының карантиннен кезең-кезеңмен шығуға дайындығы тексерілді
17 тамыздан бастап республикада карантиндік шаралар кезең-кезеңімен алынып тасталады. Осыған байланысты, өңірлік кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы бірқатар бизнес нысандарын ашуға дайындығын тексерді.

Облыс бойынша карантиндік шектеу шараларын күшейту кезінде туризм, қоғамдық тамақтану, ойын-сауық орталықтары, демалыс аймақтары, қонақ үй бизнесі, моншалар, сауналар, базарларда азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудасы және басқалар өз жұмыстарын тоқтатты. Өңірдің 43 мыңнан астам кәсіпкері уақытша жұмыссыз қалды.
Бизнес нысандарының сауда үйлерінде ашуға дайындығын тексеру кезінде антисептиктер, тұрмыстық химия, маскалар, қолғаптар және басқа да жеке қорғаныс құралдары болуы тиіс. Сауда үйлерінде контактісіз термометрияға арналған аспаптар бар, белгілер жасалған, қызметкерлер мен жалға алушылар объектілердің жұмыс істеу шарттарымен танысты. Кейбір сауда үйлерінде азық-түлік павильондары жұмыс істейді. Кіреберісте тұтынушылар температураны өлшейді, сонымен қатар санитайзерлер бар, маска режимі сақталады, әр бөлімде көрінетін жерде антисептиктер, сатушылар қолғаппен, өнімдер пакетке оралған. Атап айтқанда, «Турист», «Азия молл», «Аяжан» және басқа да ірі сауда үйлері тексерілді.

БҚО Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері сауда бутиктерін жалға алушылар мен бизнес нысандарының иелерін InfoKazakhstan электронды платформасы туралы хабардар етті. Платформаның қарапайым интерфейсі қысқа мерзімде санитарлық нормаларға сәйкес келетін қажетті актіні төрт қадамда алуға мүмкіндік береді:
1-қадам.
InfoKazakhstan сайтына кіру, ұйымды ЭЦҚ арқылы тіркеу және өз қызмет түріне қойылатын талаптармен танысу. Бизнестің жекелеген түрлері тексерусіз қайта басталады, яғни хабарлама тәртібінде.
2-қадам.
Үй-жайды талаптарға сәйкес дайындау және электрондық өтінім беру арқылы өзінің дайындығын растау;
3-қадам.
СЭС тексеруді күту;
4-қадам.
Тексеруден кейін, егер оның нәтижелері оң болса, онда жеке кабинетте жұмысты қайта бастауға арналған санитарлық талаптарға сәйкестік актісін жүктеңіз. Егер теріс болса, бұзушылықтарды жойып, қайта тексеруге өтініш беріңіз. Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығының нөмірі-1432 (қоңырау шалу тегін) немесе БҚО Кәсіпкерлер палатасына 8(7112) 24 30 95 хабарласуға болады.
