«Коронавирустық инфекцияның пандемиясы аяқталған жоқ»: ҚР Денсаулық сақтау министрі

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Фото almaty.tv

Министр елде КОРОНАВИРУСТЫҚ инфекцияның жаңа толқыны болуы мүмкін, ол қазан айында ЖРВИ мен тұмау маусымымен бірге күтіледі, деді. Сондай-ақ, Алексей Цой Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп алдағы күзгі-қысқы кезеңге белсенді дайындалып жатқанын айтты.

«Еліміздің дәріханаларына 10 млн-нан астам дәрі-дәрмек пакеті жеткізілді, Бірыңғай дистрибьютор республиканың медициналық ұйымдарын айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етті, 30 қыркүйекке дейін 24 млрд теңге сомаға қосымша екі айлық қор құрады. СК-Фармация базасында республикалық тұрақтандыру қоры, сондай-ақ 11 өңірлік тұрақтандыру қоры құрылды. Ауруханаларды толық жарақтандыру үшін қосымша 2 578 ӨЖЖ аппараты, оның ішінде 1500 отандық тауар өндірушілерден, 1078 жергілікті бюджет қаражаты, демеушілік көмек және Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен сатып алынады. 23 890 төсек оттегімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 13 153-і оттек концентраторлары арқылы, ал 2020 жылдың қазанына дейін еліміздің барлық аудандық ауруханаларын 100% – ға цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.«,- деп жазды ол өзінің Facebook парақшасында.

Алексей Цой маусым-шілде айларында инфекцияның таралуының ең қиын кезеңінде дәрігерлер пациенттер ағынын жеңе алмағанын еске салды. Бұған жол бермеу үшін республика қалаларында салынған 2,7 мың төсектік 13 жұқпалы аурулар ауруханасын салу туралы шешім қабылданды. Министр жаңа жұқпалы аурулар ауруханалары салынатын облыстарды атады.

«…Олар Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында салынатын болады. Өңірлер әкімдіктерімен жер учаскелері бөлініп, мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мердігерлік ұйымдарды таңдау рәсімдері жүргізілуде. Тапсырыс берушілер өңірлер әкімдіктері болып табылады, қаржыландыру Жұмыспен қамтудың жол картасы мен жергілікті бюджеттерді үнемдеу қаражаты есебінен көзделеді. Әрбір жұқпалы аурулар ауруханасының құнын әрбір әкімдік өз бетінше қалыптастырады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта аталған ауруханалардың штаттық кестесін алдын ала қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, өйткені қазан айында қажет болған жағдайда олар медициналық көмек көрсетуі тиіс.»

Министрдің айтуынша, барлық көзделген шаралар азаматтарға сапалы және қолжетімді медициналық қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

four − four =

x
2024-03-03
Утром-15.14 ℃
Днем-6.62 ℃
Вечером-8.88 ℃
Ночью-14.52 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.06 м/с
2024-03-04
Утром-16.94 ℃
Днем-7.26 ℃
Вечером-9.28 ℃
Ночью-13.99 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра2.1 м/с