Оралда қалалық мәдениет және демалыс саябағы ашылды

Саябақ 6.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істейді.Саябаққа келушілер санитарлық талаптарды, маска режимін қатаң сақтауы керек.

«ОА» мұрағатынан.

Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 17 тамыздан бастап Қалалық мәдениет және демалыс саябағы қала тұрғындары мен қонақтарына есігін айқара ашты.

Әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, отбасы мүшелерінен үш адамнан аспайтын топтармен саябаққа баруға рұқсат етіледі. Саябаққа келушілер санитарлық талаптарды, маска режимін қатаң сақтауы керек. Саябаққа бару уақыты сағат 6.00-ден 22.00 – ге дейін, – деп хабарлады қала әкімдігі.

Қалалық мәдениет және демалыс саябағы директорының м.а. Медет Оңдағанов саябақ аумағында ашық ауада орналасқан аттракциондар, сондай-ақ қайықтарды, катамарандар мен катерлерді жалға беру жұмыс істейтінін айтты.

– Балалар машиналары мен велосипедтерді жалға беру жұмыс істемейді. Сусындар, балмұздақ және ойыншықтар сататын кәсіпкерлерге жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Демалыс күндері саябақ ашылады, бірақ аттракциондар жұмыс істемейді, – деді Медет Оңдағанов.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-23
Утром18 ℃
Днем24.97 ℃
Вечером24.99 ℃
Ночью19.12 ℃
Влажность51 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра5.46 м/с
2024-07-24
Утром16.23 ℃
Днем19.53 ℃
Вечером16.25 ℃
Ночью15.44 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра4.72 м/с