Тоқаев халықтың неге шағымданатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың неге жиі шағымданатынын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөнінде өткен кеңесте айтты.

Көрнекі сурет.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық жағдайларының саны әлі де азаймай тұр. Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан:

2019 жылғы алғашқы 7 ай – 820;

2020 жылғы алғашқы 7 ай – 912.

«Ашығын айтқанда, қазір күнделікті жаңалықтардан түрлі деңгейдегі шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты заң бұзушылықтары үшін ұсталып жатқаны туралы оқитын болдық. Олардың арасында 2 облыс әкімі бар, бұл қауіпті белгі», – деді мемлекет басшысы.

Адамдар бұрынғыша жоғары оқу орны, колледж, тіпті, мектептердегі сыбайлас жемқорлықты айтып, шағымданады. Жемқорлық азаматтарымыздың бойына сіңіп, тіпті, қоғамның қалыпты құбылысына айналып кетуі мүмкін. Басты мәселе – осы. Ал кәсіпкерлер жер комитеті, өртке қарсы қызмет, салық және кеден органдарын жемқорлық жайлаған деп есептейді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы жол сапасына байланысты жұртшылықтың алаңдаушылығы жоғары екенін айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясы су шаруашылығы саласында айтарлықтай түйткілдер бар екенін хабарлады. Осы мәселелер бойынша қоғамдық бақылау тетігі жұмыс жасауға тиіс. Бұл шараға үкіметтік емес ұйымдарды тартқан дұрыс. Оларды нормативтік-құқықтық актілерді сараптау ісіне қатыстыру керек, – деді Тоқаев.

«Сергек» озық технологиялар арқылы тәртіп бұзушылықтарды тіркеу мемлекетке қандай пайда әкелетінін көрсетті. Ол жол полицейлерінің қолына түсетін жемқорлық табыстарынан айырды.

Онымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық шебінде қоғамдық бақылауды күшейту керек. Азаматтық қоғам мемлекеттік органдарға көмектесуге дайын. «Адал көмек» платформасын жасағаннан кейін әлеуметтік осал топқа жататын 11 мың азамат белгілі адвокаттардың көмегін тегін алды.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы облыста былтыр «Ақжайық – адалдық алаңы» кеңсесі құрылған еді. Кейін жеті негізгі бағыт белгіленіп, арнайы топ құрылды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

five × three =

x
2024-03-03
Утром-15.14 ℃
Днем-6.62 ℃
Вечером-8.88 ℃
Ночью-14.52 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.06 м/с
2024-03-04
Утром-16.94 ℃
Днем-7.26 ℃
Вечером-9.28 ℃
Ночью-13.99 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра2.1 м/с