Жерлестеріміз дойбыдан әлем чемпионы атанды

Кранево (Болгария) қаласында дойбыдан өткен әлем чемпионатында батысқазақстандық қос жасөспірім Анель Дәулетова мен Тоғжан Тәжібекова өте сәтті өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Халықаралық дойбы федерациясы (IDF) мәлім еткеніндей, 2020 жылғы интеллектуалдық спорт олимпиадасы (MSO) аясында биыл Gambler тұғырнамасында дойбы-64-тен онлайн жарыстар өткізілді.

Олимпиада аясында дойбы-64-тен төрт онлайн турнир ұйымдастырылды.

Жастар арасындағы жарысқа 174 спортшы қатысып, 11, 14 және 17 жасқа дейінгілер арасында жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. 17 жасқа дейінгі қыздар арасында қазақстандық Анель Дәулетова үздік шықса, Беларусь елінің өкілі Виктория Николаева екінші, ресейлік Алена Большакова үшінші орынға ие болды.

Әлемнің 19 елінен 200-ге жуық спортшы қатысқан дүниежүзілік додада Анель 16 жасқа дейін, Тоғжан 13 жасқа дейін дойбыдан әлем чемпионы атанса, алты дүркін әлем чемпионы Алтынай Жұмакелдиева әйелдер арасында тұңғыш халықаралық гроссмейстер атағын иеленген қазақстандық атанды.

Оған қоса ұлдар мен қыздар арасында жалпы есепте БҚО-ның дойбыдан аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Жұмагелдиевтің шәкірттері екінші орынға көтерілді.

– Анель Дәулетова №19 орта мектептің 10-сыныбында оқиды. Ол дойбыдан екі дүркін әлем чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан, Азия чемпионы, IDF шебері. Онымен жеті жылдан бері жұмыс жасап келемін. Тоғжан Тәжібекова қаламыздағы №42 «Ақ ниет» гимназиясының 7-сынып оқушысы. Ол да бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, екі дүркін Азия, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Тоғжанды бес жылдан бері жаттықтырып келемін. Мен жас дойбышыларымның болашағынан үлкен үміт күтемін, – дейді бапкер.

Бұл Анельдің бірінші табысы емес. Ол бұған дейін екі дүркін әлем чемпионы атанған болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-24
Утром12.9 ℃
Днем21.84 ℃
Вечером23.99 ℃
Ночью17.29 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.25 м/с
2025-06-25
Утром16.56 ℃
Днем25.55 ℃
Вечером22.95 ℃
Ночью19.27 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.41 м/с