«ТМК-Қазтрубпром» Орал қаласындағы теміржол өтпесі мен кірме жолын жөндеді

Құбыр металлургиялық компаниясына (ТМК) кіретін «ТМК-Қазтрубпром» ЖШС ұзындығы 3 километрден асатын кірме темір жолдағы үш жүз метрлік қауіпті учаскені және Шмидт Айталиев көшесіндегі темір жол өтпесін орташа жөндеуді аяқтады. Кәсіпорынның меншігіндегі нысандар өңір үшін логистика саласында ерекше қызығушылық тудыратынын атап өткен жөн. Ұзақ уақыт бойы олар тозған күйде болды және 2017 жылы бекітілген жоспар бойынша оларды жаңғырту басталды.

Жоба мақсаттарының бірі көлік инфрақұрылымының элементтерін тиісті жағдайға келтіру болды, бұл өз кезегінде өңірдің дамуы мен әл-ауқатына әсер етеді. Жүргізілген жаңғырту өнеркәсіптің, бөлшек сауданың және қызмет көрсету саласының өсуін қамтамасыз етіп қана қоймай, теміржол және автомобиль көлігі қозғалысының қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелері ағымдағы жылдың 06 тамызында аяқталды. Қабылдау кезіндегі тексеру нәтижелеріне сәйкес, жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген «Темір жолдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу қағидалары» талаптарына сәйкес келеді.

Осылайша, жүргізілген жұмыстар компанияға жылжымалы құрамның қауіпсіз және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, осы жоба аясында қаланың муниципалды қызметтері тағы үш теміржол өткелінің жөндеуін және қала тұрғындары үшін тротуар жолын төсеуді аяқтады.

«Қала инфрақұрылымының осы бөлігінің иесі ретінде біздің ұйым үшін ең бастысы-қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығы. Сондықтан біз қызмет жеткізушілерді таңдауға және жөндеу жұмыстарының орындалуын барлық қажетті техникалық нормалар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылауға үлкен жауапкершілікпен қарадық. Атап айтқанда, кірме темір жолдың жөндеу-құрылыс жұмыстарын «ТЖ құрылыс БҚО» ЖШС сеніп тапсырды. Сондай-ақ, мемлекеттік қадағалау органдарымен бірлесіп Сырым Датұлы мен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы бағдаршам сигнализациясы бекітілген жобаға сәйкес жұмыс істейтінін растайтын акт жасалды. Жұмыста қолданылған барлық материалдар мемлекеттік сәйкестік сертификаттарына ие. Жобаны жүзеге асыратын ұйымдардың осы қызмет түрімен айналысуға тиісті мемлекеттік лицензиялары бар және өз міндеттемелерін орындаудың жоғары сапасына кепілдік береді», — деп атап өтті «ТМК-Қазтрубпром» ЖШС Бас директоры Владимир Колесников.

Іске асырылған жоба кәсіпорынның қосымша шығындарының қаупін азайтады, зауыттық өндірістік және технологиялық циклдердің операциялық тиімділігін арттырады және тасымалдау шығындарын азайтады. Сонымен қатар, жоба Орал станциясының теміржол инфрақұрылымын одан әрі жаңғыртуға серпін беретіндігінде өте маңызды.

жарнама құқығында

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-09-18
Утром8.2 ℃
Днем19.52 ℃
Вечером19.13 ℃
Ночью12.29 ℃
Влажность24 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.88 м/с
2024-09-19
Утром8.64 ℃
Днем20.01 ℃
Вечером19.62 ℃
Ночью14.15 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра3.43 м/с