20 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 256 адам тіркелді
Елімізде Covid-19 жұқтырғандар саны 104 071 адам болды. БҚО ауырғандардың жалпы саны 6646 адамға жетті, олардың 5634-і жазылды. 86 адам қайтыс болды.

20 тамыз қорытындысы бойынша Науқастар:104 071, Сауыққандар: 87 920, Көз жұмғандар: 1 415 (17 тамыз).
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 256 адам (ауру белгілері барлар – 151, жоқтар – 105) тіркелді.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
Павлодар облысы – 33;
Алматы – 32;
Шығыс Қазақстан облысы – 31;
Қарағанды облысы – 22.
Республика бойынша барлығы 104 071 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 87 920.
БҚО-да коронавирус жұқтырудың 17 жағдайы анықталды.
Олардың 9-ында ауру симптомсыз өтеді.
Ауырғандардың жалпы саны 6646 адамға жетті, олардың 5634-і жазылды. 86 адам қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 481-ге жетті.
1-20 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 21 264 адам ауырып, 243 науқас көз жұмған (20 тамызда тіркелген науқас саны – 723, көз жұмғандар – 6).

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 62 өскіншек бала бар. Стационарларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 355 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 78 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
