Күзде COVID-19 балаларға әсер етуі мүмкін. Ақпарат қаншалықты рас?

«Астана медицина университеті» КеАҚ Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Баян Тұрдалина бүгін «Желмая» жобасында қонақта болып, бірқатар сауалға жауап берді.

Кейбір маман күз маусымында коронавирустың екінші толқыны басталады және ол бұған дейінгіден де әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін деген пікір айтуда. Осыған қатысты Баян Тұрдалина бұл оймен келісуге болатынын жеткізді.

Әр жылда күз басталысымен біз инфекционист ретінде эпидемиологиялық науқанды күтеміз. Яғни, инфекциялық аурулардың өршу науқаны басталады. Осы орайда коронавирустың бүкіл дүние жүзі бойынша таралып отырғанын ескеретін болсақ, әрине, бұл індет жыл сайынғы кездесетін вирусты инфекцияларға қосымша жүктеме ретінде болуы мүмкін. Соған сәйкес алдымыздағы эпидемиологиялық науқанда инфекциялық аурулардың көбеюін, соның ішінде коронавирустық инфекцияның да күшеюін күтеміз. Оның үстіне күзде ауа райы да салқындап, иммунитеттің төмендеу фактілері болады. Осы факторлардың барлығы әсер етеді. Сондықтан, сақ болған дұрыс, – дейді ол.

Маман сұхбат барысында «Күз айларында коронавирус көбіне балаларға әсер етуі мүмкін» деген ақпараттың қаншалықты рас екеніне тоқталды.

Осы уақытқа дейін коронавирустық инфекция балаларда жеңіл формада немесе симптомсыз түрде байқалады дегенді өзіміздің де, шетелдің де мамандары айтып жатыр. Бұған қатысты нақты статистика да бар. Аталмыш дертті жұқтырған балалардың 90%-да бұл дерт симптомсыз немесе жеңіл түрде өткен. Әрине, бір ескеретін жайт, балалар жеңіл түрімен ауырады екен деп босаңсымауымыз керек. Коронавирустың өршуі болған көптеген шет елде Кавасаки синдромына ұқсас синдром байқалған. Бұл коронавирустың өзі емес, бірақ, сол індеттің жеңіл формасынан өткен балаларда уақыт өте пайда болатын синдром болып саналады. Күзде балаларда бұл синдромның жиіленуі де мүмкін, сондықтан өте сақ болу керек, – дейді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-07-14
Утром18.28 ℃
Днем29.92 ℃
Вечером31.25 ℃
Ночью24.59 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра7.54 м/с
2024-07-15
Утром20.86 ℃
Днем30.52 ℃
Вечером24.99 ℃
Ночью22.06 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1009
Скорость ветра9.42 м/с