Кезекші сынып оқушысының ата-анасы мектепке кіре алмайды. Олар тағы нені білуі тиіс?

Кезекші сыныпта білім алуға өтініш ата-анадан 24 тамызға дейін қабылданады

Ашық дереккөзден.

Кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталса, оқушылар түгел оқшауланып, сынып қашықтан оқу жүйесіне көшеді.

Кезекші сыныптардың жұмысы туралы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020-2021 оқу жылында коронавирустық инфекцияның таралуы жағдайында білім беру ұйымдарының жұмысын, құрылымын және тәртібін қамтамасыз ету бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар жобасында егжей-тегжейлі айтылған. Қысқаша баяндаймыз.

Жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Алайда ата-аналардың өтінішімен бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Ол үшін мектептерде санитарлық талаптар күшейтіледі. Кезекші сыныптардың жұмысына сабақ өтуге келісім берген мұғалімдер ғана тартылады. Кезекші сыныптағы оқушылар саны 15 баладан аспайды.

Ал білім беруге ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектептерде ата-ананың қалауы кезекші сыныптар (оқушы саны 6-дан аспауы тиіс):

бастауыш сыныптары;

психикалық дамуы тежелген, орташа және ауыр ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін 1-9 сыныптар ұйымдастырылады.

Кезекші сыныптардың жұмысына санитариялық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Мұғалімдерге кабинеттер арасында жүріп-тұруға, мұғалімдер бөлмесіне баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады. Барлық жедел жиналыстар қашықтан өткізіледі. Оқыту кезінде мектептегі педагогтар мен оқушыларға маска тағу міндетті емес. Мектеп асханалары мен буфеттер жұмыс істемейді. Ата-аналар балаларын мектепке дейін әкеліп-әкете алады, бірақ ғимарат ішіне кіруге рұқсат жоқ.

Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру кезінде келесі талаптар сақталады:

әлеуметтік қашықтық үшін ауысымдарды көбейту және ауыстыру;

білім алушылар мен педагогтардың, басқа қызметкерлердің физикалық байланыс ын қысқарту;

әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету үшін мектеп алаңдарын барынша пайдалану;

кабинеттік жүйені болдырмау;

әртүрлі сыныптар үшін әртүрлі уақытта сабақтар арасындағы үзілістерді ұйымдастыру;

кіру кезінде күн сайын байланыссыз термометрмен оқушылардың температурасын өлшеу;

әр ауысымнан кейін, ауысымдар арасында, дәліздерді, рекреацияларды, холлдарды және басқа да үй-жайларды ылғалды жинау, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезе төсеніштерін дезинфекциялау;

медициналық кабинеттер мен оқшаулағыштардың жұмыс істеуі (күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, науқастар анықталса оқшаулау, барлық сыныпты қашықтықтан оқытуға көшуді қамтамасыз ету, сынып балаларының жағдайын бақылау, сыныпты штаттық режимге қайтару);

оқушылар бір бағытта қозғалуы үшін дәліз еденіндегі белгілер, біреуі – балалардың кіруіне, екіншісі – сабақтан кейін шығуына арналған.

Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру кезінде келесі талаптардың орындалуы қамтамасыз етіледі:

сыныпта 15 баладан артық болмау;

күніне 3-4 сабақтан артық өтпеу;

сабақ ұзақтығы – 40 минут (1-сыныпта – сатылы режим);

үзіліс сыныптар үшін әртүрлі уақытта болады;

Әр білім алушы жеке парта мен орындықта отырады. Оқу үстелдерінің ара қашықтығы – 1 метр. Оқушы жеке оқу материалдарын – оқулық, дәптер, меектеп жабдықтарын пайдаланады.

Әр сабақ сайын кабинеттер желдетіліп, кварцталады. Оқушылар мен мұғалімдер сабақ арасында қол жууы керек.

15-24 тамыз аралығында ата-ана немесе баланың заңды өкілінен кезекші сыныпты ұйымдастыру туралы өтініш қабылданады. Өтініште баланың аты-жөні мен сыныбы көрсетіліп, мектеп әкімшілігінен І тоқсанда кезекші сыныпта білім алуын ұйымдастыру сұралады. Ата-ана карантин және шектеу іс-шаралары аралығында баласының мектептегі оқу жағдайларымен танысқанын және келісетінін хабарлайды. Өтініштер электрондық нысанда қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылданады.

Қауіп тобына кіретін педагогтар кезекші сыныптарға жұмылдырылмайды:

65 жастан жоғары;

қосымша қан айналымы жүйесі аурулары бар (артериялық гипертония, созылмалы жүрек жетіспеушілігі);

жоғарғы тыныс алу жүйесінің қосымша созылмалы аурулары бар (созылмалы обструктивті өкпе ауруы, бронхиалды астма, өкпенің фиброзды өзгерістері);

эндокринопатия (қант диабеті метаболикалық синдром, семіздік);

иммундық тапшылық жағдайлары (онкологиялық, гематологиялық, иммуносупрессивті терапиядағы науқастар);

жүкті әйелдер;

Аталған аурулары бар педагогтарды қашықтан оқытуға ауыстыру ұсынылады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

twenty + 2 =

x
2024-03-05
Утром-11.4 ℃
Днем-6.09 ℃
Вечером-8.23 ℃
Ночью-12.56 ℃
Влажность87 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра2.45 м/с
2024-03-06
Утром-11.29 ℃
Днем-4.84 ℃
Вечером-5.81 ℃
Ночью-5.83 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра2.8 м/с