1 қыркүйекте Тоқаев халыққа жолдау жасайды
Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады.
Айта кетейік, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Отырыс 1 қыркүйекте сағат 11-де өтеді.