Қазақстанда парақорлықтан облысымыз көш бастап тұр, ұят-ай
Ranking.kz сарапшылары қай аймақтарда парақорлыққа қатысты ең көп құқықбұзушылық тіркелгенін көрсетті.

Зерттеу мәліметінше, 2020 жылдың қаңтар — шілдесінде елімізде парақорлыққа қатысты 877 құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырға қарағанда 3,2 пайызға көп.

«Жеті айдың қорытындысы бойынша парақорлық бойынша құқықбұзушылықтардың ең көп саны Батыс Қазақстан облысында тіркелді — 100 оқиға, бұл көрсеткіш былтырғыға қарағанда 2,1 есе көп. Сондай-ақ, тізімнің үштігіне Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы да кірді: әр өңірде тіркелген құқықбұзушылықтар саны — 75 «, — дейді сарапшылар.
