БҚО ауылдарында суды қайта қаржыландырылуға бөлінген ақша коронавирус індетіне қарсы күреске жұмсалды

Теректі ауданында Новопавлов ауылының тұрғындары су тарифінің қымбаттығына наразы. Қазір олардан текше метр су үшін 200 теңге алынады. Бұл біз үшін тым қымбат, — дейді ауыл тұрғындары, отбасыларында барлығы дерлік жұмыссыз, оның үстіне көбінің шиттей бала-шағасы бар.

Суға төлеген түбіртек суреті.

Ырысқали Бектұрғанов есімді ауыл тұрғыны алғашында судың тарифтік құны – 643 теңге болғанын айтады.

— Біздер бұл бағамен бір жылдай төледік. Содан тұрғындар айқай-шу шығарғаннан кейін судың тарифтік құнын 200 теңгеге түсірді. Кейін бұрынғы аудан әкімі Кәрім Жақыпов субсидия бөлінетінін, енді 200 теңгеден емес 30 теңгеден (бір текше метріне) төлейтінімізді айтқан еді. Алайда қуанышымыз көпке созылмады. 30-теңгемен тек бір ай ғана төледік. Қайтадан 200 теңгеге көтеріп жіберді. Неліктен бұлай істеп отырғандарын түсінбей-ақ қойдық. Өз басым суға ай сайын 400-600 теңге төлеп отырмын. Мәслен, басқа ауылдарда судың бағасы –30-40 теңге, — дейді ол.

Ырысқали Бектұрғанов

Вера Головерея есімді тағы бір тұрғын су бағасының 200 теңге болуы жаз мезгілінде қалтаға біраз салмақ салатынын, себебі көп адам бау-бақша суғарып, суды көп мөлшерде тұтынатын жеткізді. Сондықтан атқамінерлер бұл мәселені тезірек шешсе деген талап-тілеген айтты.

Ауыз су бағасының бір түсіп, бір көтерілуінің себебін Новопаловка ауылының әкімі Қайрат Жұмақаев былай түсіндірді:

Новопаловка ауылының әкімі Қайрат Жұмақаев

«Бұл мәселе аудан көлемінде шешілетін нәрсе емес. Өйткені субсидия бөлуді республика шешеді. Біз субсидия алу үшін тиісті құжаттарды облыстық Энергетика және тұрын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жібердік, олар республикаға жолдады. Бірақ бюджеттік бағдарламаға тіркелмей қалуына байланысты субсидия бөлінбей қалған. Сол себепті судың құны қайтадан 200 теңгеге көтерілді. Мұның енді қашан шешілетінін мен білмеймін, жоғарыда айтып өткен басқармаға барып сұраңыздар», — деді әкім.

Ауыл әкімінен «Ақбұлақ» бағдарламасы арқылы өткізілген ауыз суға қанша қаржы жұмсалғанын, құрылысты қай мердігер компания жүргізгенін сұраған едік. Алайда атқамінер «Білмеймін, ауданнан сұраңыздар» деп қысқа қайырды.

«Ауданнан сұраңыздар» дегесін Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобил жолдары бөлімінің басшысы Мейржан Нұртазиевке хабарластық. «Қазір қолымда нақты мәлімет жоқ, біліп берейін, кейін хабарласыңыз» деп тұтқаны қоя салған Мейржан Жанғазыұлына кейін қанша хабарлассақта жауап бермеді.

БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің бас маманы Ерлан Қажиевтың сөзінше, 2019 жылдың басында Новопаловка ауылына ауыз суға субсидия бөлінуі үшін құжаттарды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар минстрлігінің Су ресурстары комитетіне жіберген.

— Олар осы жылдың 20 қаңтарында субсидиялауға қосқан болатын. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму минстрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті субсидияға қаржы бөлуі керек болған. Алайда субсидияға бөлінуі тиіс қаржы коронавирусқа қарсы күреске жұмсалған. Енді қазір ақша жоқ деп отыр. Мұның қашан шешілетінін біз де білмейміз, — дейді Ерлан Еркінұлы.

Новопаловка ауылының әкімі Қайрат Жұмақаев субсидия бюджеттік бағдарламаға тіркелмей қалуына байланысты бөлінбей қалды десе, БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің бас маманы Ерлан Қажиев субсидияға бөлінуі тиіс қаржы коронавирусқа қарсы күреске жұмсалған деп отыр. Екі жауапты адамның екі түрлі сөйлеуінің себебі неде? Қайсының сөзіне сенуге болады өзі…

«ОА» АНЫҚТАМАСЫ

Халық үшін тарифтерді мемлекет қолданыстағы мемлекеттік қолдау шарасына сәйкес субсидиялайды. Ережеге сәйкес, тұрғындар суды есептеу құралдарымен бір текше метр үшін тариф бойынша 30 теңге және аспаптарсыз 40 теңге төлейді.

Осы тарифтерден жоғары барлық нәрсе субсидияланады.

Ауданның елді мекендеріне су жеткізетін бюджеттен субсидияларды «Қазсушар» РМК БҚФ жүзеге асырады.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-04-17
Утром5.43 ℃
Днем13.48 ℃
Вечером14.58 ℃
Ночью9.46 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра6.46 м/с
2026-04-18
Утром7.51 ℃
Днем12.92 ℃
Вечером13.79 ℃
Ночью12.12 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра7.4 м/с