Қазақстандықтар оралдық жалғызбасты әкеге 11 миллион теңге жинады
Қазақстандықтар оралдық жеті баланың әкесі Ержігіт Хайрашевқа 11 миллион теңге аударды. Ер адамның әйелі 1 тамызда қатерлі ісіктен қайтыс болды. Жеті баланың анасы қатерлі ісікпен ауырып, медициналық көмек ала алмады. Қаладағы ауруханаларда ковид-19-ға қайта талдау жасалмағандықтан, оны қабылдаудан бас тартылды.

-Нұр-Сұлтан қаласының қайырымдылық қорынан ер адам қоңырау шалып, отбасымызға көмек ұсынды. Бір аптадан кейін олар бізге баспана сатып алды. Шағын екі қабатты үй бізге уақытша әкімдік берген үйдің жанында орналасқан. Екінші қабатта балаларға арналған үш кішкентай жатын бөлме, бірінші қабатта ас үй, жуынатын бөлме және қонақ бөлмесі бар. Мен өзім жуынатын бөлме жасауым керек, бірақ бұл проблема емес, бәрі шешіледі, — дейді Ержігіт Хайрашев.
Қазір Хайрашевтар отбасы жаңа үйге көшті. Ер адам оған арманын орындауға және балаларға үй сатып алуға көмектескен әрбір адамға үлкен алғыс білдіреді.
Ержігіт Хайрашевтың отбасына ақша жинауды Нұр-Сұлтаннан «DAULETTEN» жеке қайырымдылық қоры жариялады, оның директоры Ұлан Дәулеткали.

— Ай сайын жиын жариялаймыз, бізде ірі демеушілер мен бизнесмендер жоқ, барлық ақшаны Қазақстан тұрғындары аударады. Ержігіт Хайрашевтың отбасы үшін 7 сағат ішінде адамдар 11 миллион теңге жинады. Орташа алғанда әр адам 1000 теңгеден салған. Бұл мұқтаж отбасыларға сатып алынған алғашқы пәтер емес. Сонымен қатар, Қор оралдық арбаға таңылған мүгедекке де пәтер сатып алып берді,-деп түсіндірді «DAULETTEN қайырымдық қорында».
«Бұған әлі күнге дейін сенгім келмейді, бірақ Гаухар мұны көре алмай кетті. Тамағыма тас тұрғандай сөйлеу қиын. Алғыс айтқым келеді, бізді қолдағандардың бәріне,- деді отбасы басшысы.
