БҚО-да мектеп дәретханаларын жайластыруға 310 млн теңге бөлінді

Бұл қаржыға 139 мектепте ішкі дәретханалар жабдықталған. Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін 20 қалалық мектепте бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылған.

«ОА» мұрағатынан

Облыс әкімдігінде облыс әкімі Ғали Есқалиев пен педагогикалық сала қызметкерлерінің қатысуымен дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Аймақ басшысының айтуынша, облыс мектептерінде ішкі дәретханаларды жайластыру және бейнебақылау камераларын орнату бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

— 139 мектепте 310 млн теңгеге ішкі дәретханалар орнатылды. Тағы 206 млн теңгеге бейнебақылау камералары орнатылды. Мұның бәрі біздің балаларымыздың қауіпсіздігі үшін жасалады. Мұндай жұмыс болашақта да жалғасатын болады, — деп атап өтті Ғали Есқалиев.

Облыс әкімі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі тағы бір негізгі міндет-жолдардағы қауіпсіздікті атады.

– Өткен жылы болған қайғылы оқиға біздің ортақ қайғымызға айналды. Мұндай жағдайлар болмас үшін мен қалалық әкімдікке арнайы комиссия құрып, қала жолдарындағы ең қауіпті учаскелерді анықтауды тапсырдым. Бүгінгі күні үлкен және магистралды көшелерде төрт мыңға жуық көше жарықтандыру тіректері орнатылды, аса қауіпті қиылыстарда сегіз бағдаршам орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 15 мыңға жуық көше жарықтандыру тіректерін ауыстыруды жоспарлап отырмыз. 1 қыркүйекке дейін 62 жаяу жүргіншілер өткелін жайластыру жұмыстары аяқталады, — деді Ғали Есқалиев.

Айта кету керек, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін 20 қалалық мектепте бағдаршамдар мен жаяу жүргіншілер өткелдері орнатылған. Мұндай жұмыс ауылдық елді мекендерде де жүргізілуде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-07
Утром10.8 ℃
Днем17.12 ℃
Вечером16.2 ℃
Ночью13.86 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.84 м/с
2026-10-08
Утром7.49 ℃
Днем16.44 ℃
Вечером12.43 ℃
Ночью8.07 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра3.57 м/с