БҚО-да Теректі ауданының әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен Арман Өтеғұлов Теректі ауданының әкімі болып тағайындалды.

Өтеғұлов Арман Кәрімұлы 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі-жоғары, Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін, Қазақстан инновациялық коммуникациялық жүйелер университетін «Мал дәрігері», «Экономика»мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Жұмыс істеген жылдары:

— Орал облысы Фурманов ауданы «Ақкөл» кеңшарының аға мал дәрігері;

-Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы «Ақкөл» кеңшарының, Ақкөл ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының бас мал дәрігері;

-Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы «Талдыапан» ұжымдық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры;

-Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің орынбасары;

-Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі;

-Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының әкімі;

-Батыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы;

-Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

— Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2018 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Бұған дейін бұл қызметті Әділ Жоламанов атқарған. 19 тамызда Теректі ауданы Подстепное ауылының маңында полиция қызметкерлері Теректі ауданы әкімдігіне тиесілі Chevrolet Malibu маркалы қызметтік автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде бұзушылықтар анықталып, көлікті айыппұл тұрағына қою туралы шешім қабылданды. Алайда, жол бойында қызметтік көліктің жүргізушісі Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламановтың әйелі мен қызына ұқсас екі жолаушыны түсіріп кеткен. Алдымен олар оның әйелі мен қызы екенін жоққа шығарды. Кейін Теректі ауданы әкімдігінде көлікте аудан әкімінің әйелі мен қызы болғанын хабарлады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-12
Утром9.84 ℃
Днем20.9 ℃
Вечером17.2 ℃
Ночью13.1 ℃
Влажность62 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.65 м/с
2026-10-13
Утром9.97 ℃
Днем20.58 ℃
Вечером17.1 ℃
Ночью15.23 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра3.66 м/с