Орал маңында қолдан құралған ұшақ құлады. Ұшқыш қайтыс болды (ФОТО)
Қолдан құрастырылған ұшақтың құлауы бүгін таңертең, 28 тамызда «Казинское» бау-бақша серіктестігінің жанында болды. Апат салдарынан ұшақ ұшқышы қайтыс болды.




—2020 жылғы 28 тамызда сағат 08.30-да Орал қаласында, 2-ші саяжай маңында, «Казинское» бау-бақша серіктестігі ауданында1951 жылы туған, азамат Ярошенкоға тиселі қолдан құраған бір кісілік ұшу аппараты құлады, ол оқиға орнында қайтыс болды. Оқиға орнына ТЖД жасағы (жеке құрамнан 18 адам және 4 бірлік техника) және БҚО ПД қызметкерлері шықты, — деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бір орындық ұшақтың құлауы салдарынан ұшқыш жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болғанын атап өтті. Басқа зардап шеккендер жоқ.
Алексей Воробьев, Фото БҚО ТЖД
