Оралда колледж сенімді басқаруға берілді

Сервис және жаңа технологиялар колледжін сатып алу құқығынсыз 10 жыл мерзімге сенімгерлік басқаруға берілді.

Педагогикалық қызметкерлердің дәстүрлі тамыз конференциясы кезінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев айтып өткендей, облыста колледждерді сенімді басқаруға беру жұмыстары жүргізілуде.

-Жоғары білікті кадрларды даярлауды жақсарту, материалдық-техникалық базаны нығайту, дуальды оқытуды дамыту үшін техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында колледждерді сенімді басқаруға беру бойынша жұмыс жүргізілуде. Биылғы жылы сервис және жаңа технологиялар колледжін кейіннен сатып алу құқығынсыз 10 жылға сенімгерлік басқару құқығы жеке қолға берілді. Алдағы 10 жылда білім беру мекемесін жеке кәсіпкер Балзия Евенеева, «Аспазшы»ЖШС басқаратын болады. Осылайша, мемлекет дуальды оқытуды дамыту шеңберінде болашақ сұранысқа ие кадрларды даярлауға инвесторлардың қатысуы мақсатында өзіне тән емес функцияларды береді, – деп атап өтті өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қазан айында «Атамекен» ӨКП базасында кеңес өтіп, онда колледждерді сенімді басқаруға беру мәселесі талқыланды.

– Кім қандай салымдарды жасайтынына байланысты, комиссия сенімді басқарушы болу құқығын алу үшін конкурсты кім жеңе алатындығын шешеді. Әрі қарай жыл сайын ол осы жоспардың немесе Колледждің даму стратегиясының негізгі көрсеткіштері туралы есеп береді. Егер өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда, жергілікті атқарушы орган колледжді сенімді басқарудан қайтаратын болады, – деді «Кәсіпқор Холдингі» КЕАҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ермек Күзенбаев.

«ОА»  А Н Ы Қ Т А М А С Ы:

Дуалды оқыту бұл – жұмыс орнында оқыту түрлерінің бірі. Дуальды оқыту жүйесі дегеніміз – теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау. Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром24.38 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с