Оралда қолдан жасалған ұшақтың құлауы: ұшқыштың кім екені анықталды

Орал маңында қолдан жасалған ұшақтың құлауынан қаза тапқан ер адам отставкадағы кәсіби ұшқыш болып шықты.

Бұл туралы марқұмның туыстары айтты. 69 жастағы Павел Ерошенконың әйелі жұбайының бұл ұшу қондырғысын он жыл бойы жинағанын айтты.

Павел Ерошенко бірінші дәрежелі ұшқыш болғанын және Солтүстік флотта қызмет еткенін әйелі айтты. Ол Тынық, Атлант және Солтүстік Мұзды мұхитында жауынгерлік тапсырмалар орындаған. Негізгі қызметті Ту-142 алыс қашықтықтағы сүңгуір қайыққа қарсы ұшақта өткізген.

«Сенбі күні жұбайым 10 жыл бойы жинаған ұшағымен алғаш рет ұшты. Ол жақын маңдағы даланы айналып өтті. Бәрі жақсы болған. Ол ұшаққа «Арман» деген атау бергісі келген. Ұшу аппаратында бейнебақылау камерасы орнатылған. Біз оны қарап шықтық. Менде күйеуім ұшып бара жатқанда денсаулығы күрт нашарлады деген күдік туындады», – деді Любовь Ерошенко.

Сонымен қатар, Павел Ерошенко шығармашылық адам болған, өлең жазып, ән айтқанды ұнатқан, тіпті кітабын шығарған екен.

Павел Ерошенко

БҚО полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталатынын атап өтті.

Еске салайық, 28 тамызда 8:30-да болды Оралда қолдан жасалған ұшақ апатқа ұшырады. Ұшу аппараты «Казинское» бау-бақша серіктестігінің маңына құлады. Оқиға болған жерде 69 жастағы ұшқыш көз жұмды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-01-16
Утром-3.92 ℃
Днем-4.15 ℃
Вечером-5.01 ℃
Ночью-10.74 ℃
Влажность88 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра6.04 м/с
2025-01-17
Утром-9.93 ℃
Днем-4.89 ℃
Вечером-2.91 ℃
Ночью-1.81 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра5.65 м/с