Оралдағы Әлия Молдағұлова көшесіндегі жол қайтадан салынады

Әлия Молдағұлова көшесін күрделі жөндеу жүргізуге 700 миллион теңге кеткен. Бірақ жыл өтпей жатып, жолдың бетоны ыдырап, түрлі шұңқырлар пайда болды.

Әлия Молдағұлова көшесін жөндеу тарихы 2019 жылдың жазында басталды. Маусым айында автокөлік қозғалысы үшін жол жабылды. Жұмыстарды «Бірлік»ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізді. Жөндеу құны шамамен 700 млн теңгені құрады. Бірақ комиссия жолды пайдалануға қабылдамады. Құрылыс сапасыздығы анықталды. Мамандар ақаулардың себептері сапасыз құрылыс материалдары мен асфальт төсеу схемасының дұрыс еместігі болуы мүмкін екенін айтты. Заң бойынша мердігер кемшіліктерді түзетуі керек еді, бірақ компания жосықсыз деп танылып, лицензиясынан айырылды. Жол жаз бойы аяқталмаған.

– Қазір ҚПО «ДСК Приоритет»ЖШС-мен шарт жасасты. Мердігер ұйым сапасыз жиектерді ауыстырып, 6700 шаршы метр алаңға асфальт төсейді. Жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда,-деп атап өтті Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев.

КПО әлеуметтік жобалар менеджері Ержан Әубәкіров келісім-шарт жасалғанын, бірақ жөндеу сомасын жарияламағанын растады.

– Бізге 300-ге жуық жиек тастарын ауыстыруға тура келеді. Олардың әрқайсысының ұзындығы 1 метр. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде үгітіліп жатыр. Содан кейін асфальт төсеуді бастаймыз, – деді учаске шебері.

Айта кетейік, биыл жолдарды жөндеу сапасын тексеру барысында көптеген заң бұзушылықтар анықталған. Жолшыларға оларды жою туралы нұсқаулар берілді. Бірақ, ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі өкілдерінің хабарлауынша, анықталған ақаулардың жартысы ғана түзетілді.

М. Мәметова атындағы көшенің сол кездегі жөндеу схемасы. «ОА» мұрағатынан.

Биыл Орал қаласында 50 шақырым жол жөндеуден өтуде. Олардың барлығы да қазан айына дейін пайдаланылуға берілуі тиіс.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

3 × three =

x
2023-12-11
Утром-14.38 ℃
Днем-12.65 ℃
Вечером-12.7 ℃
Ночью-15.67 ℃
Влажность57 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра7.13 м/с
2023-12-12
Утром-18.75 ℃
Днем-16.97 ℃
Вечером-15.91 ℃
Ночью-15.45 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1050
Скорость ветра8.7 м/с