Ел-жұртқа масқара болған полицейлерді ішкі істер министрлігі іздеп жатыр

Тәртіп сақшылары қаңғыбаспен алдын ала келісіп алып, «рұқсат етілмеген уақытта арақ саттың» деп дүкен сатушысына айыппұл салмақ болған.

Ашық көздерден көрнекі сурет.

Кәсіпкерді қақпанына түсірмек болған екі полицей масқара болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті.

Қаңғыбаспен алдын ала келісіп алған тәртіп сақшылары «рұқсат етілмеген уақытта арақ саттың» деп дүкен сатушысына айыппұл арқалатпақ болыпты. Алайда айласын асырмақ түгілі, басы бәлеге қалды, деп хабарлады КТК.

«Осындайдың керегі не?! Арамзалық, масқара ғой! Егер менде камера болмаса, айыппұл салып кететін еді. Сотта да оны дәлелдей алмайсың. Біздің не жазығымыз бар? Бала-шағамызды асырап отырмыз», – дейді дүкен иесі.

Кәсіпкерлер сақ болыңыздар! Жаңа “подстава”.

Опубліковано Baqyt Osser Пʼятниця, 28 серпня 2020 р.

Таспада көрініп тұрғандай, автотұраққа тоқтаған көліктердің бірінен қолында сөмкесі бар қаңғыбас еркек түседі. Содан дүкенге кіріп арақ сұрайды. Алайда әлі таңғы уақыт болғандықтан, сатушы оған арақ сатпайды. Біраз тұрған соң, маскүнем далаға шығып кетеді. Осы уақытта қаңғыбас түскен көліктен екі полицей де шығады. Бірі тоқтап, қаңғыбаспен сөйлесіп тұрады. Ал екіншісі айналып барып, бірден дүкенге кіреді. Артынша қалған екеуі кіреді.

Кәсіпкердің айтуынша, бірінші кірген полицей бірден «рұқсат етілмеген уақытта арақ саттың» деп дүкен иесін қыспаққа ала бастапты. Сөмкесінде жатқан арақты көрсетіп, маскүнем де сақшының сөзін растайды. Алайда дүкен ішінде де камера орнатқан кәсіпкер өзінің арақ сатпағанын көрсетіп құтылады.

Айласы аспай қалғанына көзі жеткен екеу маскүнемді ертіп, қайтадан бір көлікке мініп кетеді. Бұл жағдай үш күн бұрын болған екен.

Қулық жасап тұрған жерінен бейнебақылау камерасына түсіп қалған полиция қызметкерлерін ішкі істер министрлігі іздестіріп жатыр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

twelve + 10 =

x
2023-12-08
Утром-10.12 ℃
Днем-8.31 ℃
Вечером-12.31 ℃
Ночью-12.87 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1042
Скорость ветра3.97 м/с
2023-12-09
Утром-11.23 ℃
Днем-9.91 ℃
Вечером-9.28 ℃
Ночью-9.6 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра5.29 м/с