Коронавирустан әлсіреген иммунитетті қандай дәрумендер мен минералдар жақсартады? Дәрігер кеңесі

Күнделікті рацион, ұйқы режимі, физикалық жаттығу да – берік иммунитеттің тірегі.Иммунитетке А, D, Е, С дәрумендері, мырыш, селен, мыс, магний сияқты минералдар, про- және пребиотиктер қажет.

Кез келген ауруға шалдыққанда адам көп жағдайда тәбетін жоғалтады. Тәбет болмағанда тамақпен бірге ағзаға түсетін дәрумендер мен минералдар азаяды. Коронавирус жұқтырған адамның да иммунитеті әлсіреп, бірама күш жоғалтады. Медицина докторы, нутрициолог, Medsupport.kz волонтері Дария Абзулинова коронавируспен ауырғаннан кейін иммунитетті қалпына келтіру үшін дәрумендер мен минералдарды қайдан алуға болатынын айтып берді.

Иммунитет жақсы жұмыс істеуі үшін А, D, Е, С дәрумендері, мырыш, селен, мыс, магний сияқты минералдар, про- және пребиотиктер қажет екені дәлелденген. Нутрициолог витамин-минералды кешендері бар дәрі-дәрмектерді сатып алуға асықпауды, қажетті микроэлементтер мен дәрумендерді тамақтан алуға болатынын айтады. Күнделікті рацион, ұйқы режимі, физикалық жаттығу да – берік иммунитеттің тірегі.

Пайдалы дәрумендерді қандай өнімдерден алуға болады?

А дәрумені: сәбіз, ақжелкен, сиыр бауыры.

D дәрумені: арқан балық/скумбрия, консервіленген тунец, нәлім бауыры + күн сәулесі. Кейбір шетелдік дереккөздердің айтуынша, Covid-19 диагнозы расталған науқастардың көбінде D дәруменінің жетіспеушілігі байқалады. Дегенмен, оның дозасын дәрігер есептеуі керек.

Е дәрумені: кез келген жаңғақ, күнбағыс дәндері, қырыққабат.

С дәрумені: итмұрын, тәтті бұрыш, қарақат.

Мырыш: тауық, сиыр, қой еті, күнбағыс дәндері.

Селен: тауық, сиыр еті, жұмыртқа, жүгері.

Мыс: тауық, сиыр еті, кез келген жаңғақ, бұрыш.

Магний: кез келген жаңғақ, қарақұмық, асқабақ тұқымы.

Пробиотиктер – ішек микробиотасын жақсартататын микроағзалар. Пребиотиктер (тағамдық талшық) – ішек микробиотасына арналған тағам. Сау микробиота – мықты иммунитет. Өкінішке қарай, антибиотиктердің көпшілігі патогендік бактерияларға ғана емес, дененің микробиомасын анықтайтын пайдалы бактерияларға да әсер етеді.

Пробиотикалық өнімдер: қышқыл сүт өнімдері, ашытылған қырыққабат, тұздалған қияр.

Пребиотикалық өнімдер: барлық көкөністер мен жемістер, сұлы, қарақұмық, арпа.

Дәрумендер мен минералдарды толықтыру үшін не істеу керек?

Жоғарыда аталған тағамдарды ас мәзіріне қосыңыз.

Қант қосылған тағамдардың қолданылуын шектеңіз. Оның мөлшері күніне 6 шай қасықтан аспауы керек.

Әрдайым тамақтану кезінде дастарханға көкөністерге толы табақты қойыңыз.

Кемпірқосақ принципін қолданыңыз: көкөніс табағында кемпірқосақтың барлық түсі болуы керек. Осылайша ағза бір уақытта барлық мультидәрумендер мен минералдарды алады.

Күндізгі сағат 11.00-ге дейін немесе күн сәулесі азайған кезде, яғни шамамен 16.00-ден кейін далада күн астында болуға тырысыңыз. D дәрумені жетіспесе, оны дәрумен түрінде қосымша қабылдаңыз.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

2 × five =

x
2023-12-08
Утром-9.93 ℃
Днем-8.16 ℃
Вечером-13.69 ℃
Ночью-11.87 ℃
Влажность53 %
ДавлениеhPa 1042
Скорость ветра3.94 м/с
2023-12-09
Утром-11.33 ℃
Днем-9.97 ℃
Вечером-9.34 ℃
Ночью-9.67 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра5.35 м/с