30 тамызда Қазақстанда коронавирус жұқтырған 111 адам тіркелді
Covid-19 жұқтырғандар саны 105 795-ке жетті.
Республика бойынша ең көп науқас тіркелген өңірлер:
Шығыс Қазақстан облысы – 20;
Қарағанды облысы – 19.
Республика бойынша барлығы 105 795 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, емделіп жазылғандары – 96 297.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Covid-19 жұқтырып, қайтыс болғандар саны 1 588-ге жетті.
1-30 тамыз аралығында коронавирустық пневмониямен 25 714 адам ауырып, 290 науқас көз жұмған (30 тамызда тіркелген науқас саны – 56, көз жұмғандар – 6).
«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 910 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 өскіншек бала бар. Стационарларда 3 755 науқас жатыр. 4 155 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 201 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр» делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.
Өңірімізде 5 адамнан анықталды, 2 адамда ауру белгілері жоқ, жалпы БҚО 6749 адам ауырып, оның 6091 жазылып шықса, өкінішке орай 94 адам қайтыс болды.
Коронавирус әлемнің 25,16 миллион тұрғынынан анықталды. 30 тамыз жексенбі күні таңертең COVID-19 ауруынан 846 772 адам қайтыс болды, ал 17,5 миллионнан астам науқас сауықты.
Ал Ресейде тамыз айының ортасынан бастап жаңа жұқтыру жағдайларының көлемі 5000-нан асқан жоқ. Жедел штаб мәліметтері бойынша 29 тамызға қарай елде коронавирус инфекциясы 985 346 адамнан анықталған, 17 025 науқас қайтыс болып, 804 383 сауыққан.
COVID-19 қоздырғышы 2019 жылдың аяғында Қытайдың Хубэй провинциясында тарап, 210-нан астам ел мен аумаққа жетті. Ең көп инфекция АҚШ-та (6,13 миллион), Бразилияда (3,84 миллион) және Үндістанда (3,53 миллион) байқалды.