«300-400 миллионнан басталады»: Қазақстанда тойханалар жаппай сатылымға қойылуда

Қазақстанда тойханалар жаппай сатылып жатыр. Құны миллиардтарға бағаланған зәулім сарайлардың жарнамасы арнайы сайтта толып тұр.

Көрнекі сурет.

Қазірдің өзінде дәл осы сайтта 1300-ге жуық түрлі тамақтану орындары, мейрамхана, бизнес орталықтар мен тойханалар сатылып жатыр. Сатылымға шыққан той өтетін орындардың бағасы аспандап тұр. Ең арзаны 300-400 миллионнан басталып, миллиардтарға дейін барады деп көрсетті 31 арна.

Осы жылдың наурыз айының ортасынан тойханалар қаңырап қалды. Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, шарасыз қалған кәсіпкерлер «бизнестерін» жаппай сатылымға шығарған. Тойханалардың көбісі Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан арнайы сайтқа қойылған. Еліміздің үшінші мегапоисінде тойханалар бағасы оңтүстік астана мен елордаға қарағанда арзан. Нарықты он жылдан бері жылжымайтын мүлік сатумен айналысатын Виталий Браиловский соңғы кездері тамақтанатын орындарды сатып жатқан кәсіпкерлердің күрт артқанын растап отыр.

«Біздің агенттік он жылдан бері нарықта жылжымайтын мүлік сатумен айналысады. Соңғы кездері түрлі дәмхана, мейрамханалардың иелерін көптеп хабарласып, бизнестерін сатылымға қойып жатыр. Өйткені, коронавирус пандемиясына байланысты олардың жұмыстары қиындап кеткен», – дейді ол. Айта кетейік, елімізде карантин болса да, бірнеше адамның басын қосып, той жасап, құдалық күтетіндер азаймай тұр.

Виталий Браиловский

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-11
Утром-11.38 ℃
Днем-7.09 ℃
Вечером-9.02 ℃
Ночью-10.48 ℃
Влажность80 %
ДавлениеhPa 1035
Скорость ветра3.52 м/с
2025-02-12
Утром-11.52 ℃
Днем-6.61 ℃
Вечером-9.53 ℃
Ночью-11.93 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.44 м/с