БҚО-ның колониясына үлкендігі сіріңке қорапшасындай телефон кіргізбек болған
Оралда қыз өзінің танысына тергеу изоляторына ықшам өте кішкентай ұялы телефон алып өтпек болған.
28 тамызда БҚО бойынша ҚАЖД РУ – 170/1 мекемесінде сотталғанның атына азық-түлік беруді тексеру кезінде тексеру бөлмесінің қызметкерлері сіріңке қорабының өлшеміндегі ұялы телефонды тапқан.
– Сәлемдеме жергілікті тұрғыннан тергеу изоляторында отырған сотталғанға келген, ал пайдалануға және сақтауға тыйым салынған затты қыз сұйық сабыны бар пластмасса ыдысқа салып, ұқыпты түрде жасыруға тырысқанмен, бірақ бұл факт мекеменің жедел қызметкерлерінде тыйым салынған затты алып өту және тексеру бөлмесіндегі бақылаушылар қызметін атқару кезінде қырағылық туралы ақпаратқа байланысты тоқтатылды, – деп хабарлады мекеме бастығы Сабиров.
Бүгінгі күні тыйым салынған зат тәркіленіп, осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігі бойынша тиісті материал жиналып, кейіннен тиісті шешім қабылдаумен сотқа жіберу үшін алынды.