Мұғалім құқығын қорғауға кім жауапты? Министр түсіндірмесі

Педагогикалық этика және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер құрылады.

Ашық көздерден.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Педагог мәртебесі туралы» заң нормаларын іске асыру жөнінде түсініктеме берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке «Педагог мәртебесі»  туралы заң нормаларын іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмысты жалғастыруды тапсырды. Аталған құжаттың маңызды ережелерінің бірі – педагогты міндетіне жатпайтын функцияларға тартудан қорғау, орынсыз есептіліктен босату. Бұл нормалар жаңа оқу жылы қарсаңында өте өзекті. Министрліктің осыған қатысты қатаң ұстанымдарына қарамастан, өкінішке орай, осы ережелерді бұзу фактілері әлі де кездеседі. Жалпы осы қысқа уақыттың өзінде Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменттерге жүзден астам өтініш келіп түсті. Нәтижесінде лауазымды тұлғаларға да, білім алушылардың ата-аналарына да қатысты 30-дан астам әкімшілік жаза қолданылды.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Бұл жұмыс тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Заңсыздыққа жол берген жауапты тұлғаларға қатысты шаралар мұнымен шектелмейді. Әкімшілік жазалардан бөлек, жұмыстан босату туралы шешімдер де қабылданады. Мұғалімдердің құқығын қорғау – жергілікті аумақтық орган басшыларының да, мектеп директорларының да тікелей міндеті. Педагогтердің құқықтарын қорғау туралы айтқанда, мұғалімдер өз міндеттерін адал орындау туралы да есте сақтауы қажет. Өйткені жаңа Заңның талаптары да жаңа.

Педагогикалық қызметпен айналысатын әрбір жан жас ұрпаққа үлгі болып, өз жұмысында адамгершілік қағидалары мен моральдық құндылықтарды басшылыққа алуы тиіс.

Мінез-құлық мәдениеті, әдептілік, адалдық, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу – педагогикалық этиканың негізі.

Осы қағидалардың сақталуын бақылау үшін біз мұғалімдерге қатысты құқықбұзушылықтар мен педагогикалық этиканы өрескел бұзу туралы даулы мәселелерді қарастыратын арнайы алқалы орган құруды қарастырудамыз. Бұл – педагогикалық этика және мұғалімдердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес.

Мұндай институт алғаш рет пилоттық режимде осы жылдың тамыз айынан бастап Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеуді бастады. Болашақта этика бойынша кеңестер еліміздің барлық аймағында құрыла алады. Олар білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері жанында жұмыс істейтін болады. Барлығымыз мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп жөніндегі кеңесінің тиімді жұмысының куәсі болдық.

Біздің жаңадан құрылған Кеңестеріміздің қызметі соның үлгісі бойынша ұйымдастырылады. Мұның бәрі – үлкен бастама: әр мұғалім өзінің мәртебесін мақтан тұтуы керек. Ыңғайлы жағдайда жұмыс істеп, сапалы білім беруі керек. Өйткені біздің балаларымыздың әл-ауқаты мен білімі ұстаздардың қолында.

«Алты Алаштың игі жақсысы бас қосса, төрдегі орын – ұстаздыкі» дегендей осы тарапта алдымызда әлі де біраз жұмыс бар екені белгілі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-14
Утром24.38 ℃
Днем28.19 ℃
Вечером29.14 ℃
Ночью20.76 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра8.03 м/с
2025-06-15
Утром17.05 ℃
Днем17.16 ℃
Вечером16.52 ℃
Ночью15.02 ℃
Влажность84 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.18 м/с