Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді

Қашықтан оқыту форматы, тіркелмеген армян көліктерінің иелеріне салынатын айыппұл, Египетке рейстер – осы және де басқа да өзгерістерді оқыңыз.

Көрнекі сурет.

Күздің бірінші айында қазақстандықтардың өмірінде біраз өзгеріс болады.

Оқушылар қашықтан білім алады

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан тарихында алғаш рет жаңа оқу жылы балалар үшін мектеп қабырғасында емес, үйде басталады. Десе де, жылдағыдай мектеп партасына отыратындар да аз емес. Шалғай ауылдардағы шағын мектептер мен бастауыш сыныптардың кейбір оқушылары білім ошағына барып білім алады.

Ірі қалаларда 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтінішімен мектептерде кезекші сыныптар ашылады. Әр сыныпта бала саны 15-тен аспайды. Оқушылар мен мұғалімдер маска киюге міндетті.

Мұғалімдерге кезекші сыныптар үшін қосымша ақы төленеді.

Студенттер де үйден оқиды

Барлық студент үшін жаңа оқу жылы 1 қыркүйектен бастап қашықтан оқыту форматында басталады.

Жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер сияқты бағыттар бойынша оқытудың аралас форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді. Зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар кампус аумағында қазан айынан кейін басталады.

Ал магистранттар 14 қыркүйектен бастап оқуға кіріседі.

Докторанттар үшін де оқыту 1 қыркүйектен қашықтан жүргізіледі.

Жаңа бағалау жүйесі

1 қыркүйектен бастап оқушыларға баға 10 балдық жүйе бойынша қойылады.

Жаңа бағалауға сәйкес: 1-3 балл – «нашар»; 4-5 балл – «қанағаттанарлық»; 6-7 балл – «жақсы» және 8-10 балл – «өте жақсы».

Армян көліктерінің жүргізушілеріне айыппұл салынады

1 қыркүйекте Қазақстанға Арменияда тіркелген және сол елден әкелінген автокөліктерді тіркеу аяқталады.

Қыркүйекке дейін темір тұлпарын тіркемеген жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал көліктерді айыппұл тұрағына қоюы мүмкін.

Көрнекі сурет.

1 қыркүйектен бастап тіркелмеген автокөліктерді анықтау жұмысы жалғасады. Заң бұзғандарды 10 АЕК (27 780 теңге) айыппұл күтіп тұр.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы жанданады

Қазақстандықтар 12 қыркүйектен бастап Египетке ұша алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Ашық көздерден.

Египетке рейстер осы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарланған.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-02-12
Утром-12.15 ℃
Днем-9.51 ℃
Вечером-9.68 ℃
Ночью-11.84 ℃
Влажность82 %
ДавлениеhPa 1032
Скорость ветра3.73 м/с
2025-02-13
Утром-12.93 ℃
Днем-5.71 ℃
Вечером-8.75 ℃
Ночью-11.03 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра2.58 м/с