Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік құруды тапсырды.

«Мемлекеттік басқарудың жаңа моделі. Бұл саладағы реформаларды жүйелі түрде жүргізген жөн. Алдымен біз мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешім қабылдау жүйесі және оларды орындау жауапкершілігі тәсілдерін өзгертеміз. Пандемия мен дағдарыс жағдайында қолданыстағы мемлекеттік басқару жүйесі барынша жұмыс істейді.

Сондықтан мен Президентке тікелей бағынатын Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігін құру туралы шешім қабылдадым. Мұндай орган бұған дейін жұмыс істеп, жүктелген міндеттерді сәтті орындады, енді ол бүкіл мемлекеттік жоспарлау жүйесінің орталық буынына айналады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Сондай-ақ, ол Статистика комитеті Ұлттық экономика министрлігінің құрамынан шығып, жаңа агенттіктің құрамына кіретінін айтып өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасы негізделуі тиіс жеті қағиданы айтты.

1. игіліктер мен міндеттерді әділ бөлу;

2. жеке кәсіпкерліктің жетекші рөлі;

3. адал бәсекелестік, кәсіпкерлердің жаңа буыны үшін нарықтарды ашу;

4. өнімділіктің өсуі, экономиканың күрделілігі мен технологиялылығын арттыру;

5. адами капиталды дамыту, жаңа үлгідегі білім беруге Инвестициялар;

6. экономиканы көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау;

7. мемлекеттің негізделген шешімдер қабылдауы және олар үшін қоғам алдындағы жауапкершілігі.

«2021 жылдан «Аңсаған сәби» жобасын іске қосуға тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

– Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді.«Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда Үкіметтің жіберген қателіктерін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда, «Әлі күнге дейін нақты бір онлайн платформа жоқ», деді – Президент.

«Тапсырмамның аясында тұрғындар өз зейнетақы жинағының бөлігін пайдалану мәселесі қарастырылды. Бұл қазір өте өзекті. 2021 жылы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының 700 мың салымшысы жинағының бөлімін үй алу, емделу үшін пайдалана алады немесе қаржы ұйымдарының басқаруына бере алады. Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесе жыл соңына дейін тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауды және дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», – деді Президент.

«Үлкен көрсеткіштері мен индикаторлары бар мемлекеттік бағдарламаларды дайындауды тоқтату керек. Барлық тұрғынға түсінікті ықшам ұлттық жобаларға көшетін сәт келді. Күрделі өзгерістер мемлекеттік аппараттың қызметін қайта қарауды қажет етеді. Мұнда реформаны жоспарлау мен жүзеге асыру синергиясы маңызды мағынаға ие», – деді Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы шенеуніктерді биыл 10, келесі жылы 15 пайызға қысқартуды тапсырды.

«Мемлекеттік қызметтің жүйесін қайта қарау керек. Пандемия мен мемлекеттік органдағы көптеген қызметкерді қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстыру мемаппаратты қысқарту керек екенін көрсетті. Мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік секторын қысқарту мерзімін жылдамдатуды тапсырамын. Биыл олардың санын 10 пайызға қысқарту қажет. Келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 25 пайызға қысқарту тапсырмасын 2021 жылы шешіп боламыз. Нәтиже мен цифрландыруға байланысты тағы да қысқарту мәселесін қараймыз. Үнемделген қаражат арқылы қалған қызметкерлердің жалақысы арттырылады», – деді ол.

«Бір жерде ахуал тұрақталса, екіншісінде вирустың жаңа ошақтары пайда болды. Үкімет жіберілген қателіктерден сабақ алып, жұмысты жедел жолға қоя білді. Ең бастысы біз азаматтардан еш нәрсені жасырмай, індеттен қайтыс болғандар туралы ақпараттың барлығын ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл – кейбір мемлекетке қарағанда Қазақстанның ұтымды тұсы. Алайда ахуалдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Күрес әлі жалғасуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының болжамы бойынша пандемияны жеңу үшін кем дегенде 2 жыл қажет. Алдағы айларда күш-жігерімізді барынша жұмылдыра жұмыс істейтін боламыз. Осыған дайын болуымыз керек.Коронавируспен күресте дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, еріктілерге, кәсіпкерлерге және осындай жағдайға бей-жай қалмаған барлық азаматқа шын жүректен алғыс айтамын» – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс.

«Басы бірікпеген жеке қосалқы шаруашылықтар, шын мәнінде өлместің күнін көріп отыр. Бұл ретте сапалы әрі мол өнім өндіру, үздіксіз тауар жеткізу туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Бәсекеге қабілетсіздік – импорттан арыла алмай отыруымыздың себебі де осы да. Кооперация кезінде жер және басқа да мүлікке қатысты барлық құқық сақталады.

Ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланады. Бұл – жасырын емес. Табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жатады. Сондықтан субсидия және салық жеңілдіктерін беру бағдарламалары аясында ауылдық жерлердегі кооперацияны ынталандыру үшін тиісті шаралар топтамасын әзірлеу керек.

Тағы бір маңызды мәселе. Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормасына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды, бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін енгізуі тиіс», – деді Президент Қазақстан халқына жолдауында.

Электр энергетикасы, кәсіп саясаты туралы бірізді заң жыл соңына дейін әзірленуге тиіс.Ұзаққа созылған мұнай суперциклі аяқталған тәрізді. Енді әлемдік нарықтың түбегейлі жаңа конъюктурасына дайын болу керек.«Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндет – өнеркәсіптік әлеуетімізді толық пайдалану. Осы саладағы табыстарымызға қарамастан ішкі нарықтарымыздың зор мүмкіндіктерін әлі де толыққанды жүзеге асыра алмай келеміз», – деді Президент.

Айта кетейік, Жолдауды республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, радиостанциялар тікелей толқында таратты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром21.05 ℃
Днем27.66 ℃
Вечером31.81 ℃
Ночью19.87 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.66 м/с
2025-07-18
Утром19.49 ℃
Днем29.45 ℃
Вечером27.7 ℃
Ночью22.84 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.46 м/с