Президент Жолдауынан кейін кімдер лауазымынан айырылады?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Жолдауында министрліктердегі жауапты хатшылар институтын қысқартуды тапсырды.

Ашық дереккөзден сурет.

Осы орайда 15 адам лауазымынан айырылады:

Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатишысы Арман Жұмабеков.

Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қанат Сәрсембаев.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Жанат Қожахметов.

Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Бақытжан Берікбайұлы.

Ауыл шаруашылығының жауапты хатшысы Марат Оразаев.

Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы Жәнібек Гупиров.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Аида Құрманғалиева.

Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы Айдын Ашуев.

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы Әнуар Ахметжанов.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауаптшы хатшысы Сәбит Нұрлыбай.

Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы Талғат Момышев.

Әділет министрлігінің жауапты хатшысы Азамат Әмірғалиев.

Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Әркен Өтенов.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы Мереке Пшембаев.

Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Әсем Нүсіпова.

Жауапты хатшы лауазымы «А» корпусына жатады. Жауапты хатшы мемлекеттік қызметкер болып есептеледі және ерекше мәртебеге ие. Оны Мемлекет басшысы Президент Әкімшілігінің ұсынуымен және премьер-министрдің мақұлдауымен тағайындайды және қызметінен босатады. Айта кетейік, 2017 жылы жауапты хатшының жалақысы 685 теңгені құрайтын.

Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 25 пайызға қысқартуды тапсырды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-15
Утром-4.53 ℃
Днем-1.41 ℃
Вечером0.32 ℃
Ночью1.21 ℃
Влажность96 %
ДавлениеhPa 1008
Скорость ветра8.08 м/с
2026-02-16
Утром0.69 ℃
Днем0.62 ℃
Вечером0.38 ℃
Ночью1.42 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра9.82 м/с