Елімізде ет қымбаттады

Елімізде сиыр және қой еті бір жылда 16-17 пайызға қымбаттаған. Бұл туралы energyprom.kz порталының сарапшылары айтты.

Көрнекі сурет.

Мамандардың сөзіне сенсек, қаңтарда жылдық инфляцияның деңгейі 5,6 пайыз болып, азық-түлік тауарлары 9,2 пайызға қымбаттаған. Ал ет өнімдерінің бағасы 13 пайызға қымбаттап, ет пен құс етінің бағасы 14,7 пайызға өскен.

Одан бөлек, сиыр еті 16,5 пайызға, қой еті 16,2 пайызға, жылқы еті 14,5 пайызға қымбаттаған.

Жалпы ет өндірісі өскен: қаңтарда Қазақстан 21,1 миллиард теңгеге ет және ет өнімдерін өндіріп, қайта өңдеуден өткізіп, консервацияланған. Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, инфляцияның өсуі 0,7 пайыз болған. Жалпы, 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанында елімізде 269 миллиард теңгенің ет және ет өнімдері өндірілді, нақты өсім 8,1 пайыз болған.

Былтыр 156 мың бас ірі қара мал шығарылған. Оның 121,6 мыңы (78 пайыз) Өзбекстанға жеткізілген. Одан бөлек, елден 264 мыңға жуық қой экспортталды, олардың жартысынан көбісі асыл тұқымды мал. Ұсақ малдың негізгі сатып алушысы – Өзбекстан: 200 мыңнан аса қой (76 пайыз). Ресейге 21,5 мың бас экспортталған (8,1 пайыз), Әзербайжан – 18 мың (6,7 пайыз), Иран – шамамен 12 мың (4,5 пайыз).

Ал Оралда еттің бағасын: Жылқы етін 1800-2500 теңге, Қой етін 1500-2000 теңге, Сиыр етін 1800-2500 теңге аралығында ұстап тұр.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.28 ℃
Днем10.1 ℃
Вечером11.15 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.65 м/с
2025-03-29
Утром3.05 ℃
Днем10.4 ℃
Вечером12.03 ℃
Ночью8.83 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.48 м/с