БҚО Теректі ауданы әкімі орынбасарының тәртіптік ісі қаралды

БҚО мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесі БҚО Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдинге қатысты тәртіптік істі бейнеконференцбайланыс режимінде қарады.

Қуаныш Шарафутдин Мемлекеттік қызметке кір келтіретін бірқатар теріс қылықтарға жол берді. Мемлекеттік қызметші тұрған пәтерге жалдау шарты ресімделмеген. Сонымен қатар, ол тұрғын үй үшін жалдау ақысын төлемеген. Аудан әкімі орынбасарының басқа да теріс қылықтары арасында-төтенше жағдайларды жоюға және алдын алуға бөлінген 760 литр бензин мен дизель отынына арналған шығыс құжаттарының болмауы. ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғалым Тұрсынбаев Әдеп жөніндегі кеңес мүшелеріне Теректі ауданы әкімінің орынбасары қызметтік үй-жайда тиісті құжаттарды ресімдемей тұрғандығын хабарлады. Ведомство басшысы бұл мемлекеттік қызметші, сондай-ақ осы ауданның бюджеттік саласының басқа да қызметкерлері алынған қызметтік тұрғын үйге жалдау шартын жасамағанын және онда тұрғаны үшін жалдау ақысын төлемегенін атап өтті.

БҚО Теректі ауданы әкімі орынбасарының жұмысындағы бұл бұзушылықтар мемлекеттік органдардың тексерулері нәтижесінде анықталды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Рустам Ақмырзаевтың айтуынша, Теректі ауданында Мемлекеттік бағдарламалар бойынша салынған жалға берілетін тұрғын үйді жалға беруден бюджетке түскен қаражатты тексеру барысында олардың ведомствосы жалға берілетін пәтерлер бойынша қаражат түсімінің айтарлықтай жетіспеушілігін анықтады.

«Аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Шарафутдин өзінің қызметтік міндеттеріне байланысты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларына жетекшілік етеді. Сонымен қатар, ол мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданда салынып жатқан тұрғын үйлерді бөлу жөніндегі комиссияның төрағасы болып табылады. Ол жаңа жалға берілетін тұрғын үйді ТКШ балансына қою мәселелерін бақылауы, жалға алушылар арасында тұрғын үйді заңды бөлу жөніндегі жағдайды бақылауы тиіс. Нәтижесінде, өзі пәтер алған жалға берілетін тұрғын үй бойынша ешқандай келісім – шарт жасалмады және тұрғындардан төлем алынбады», – деді Ғалым Тұрсынбаев.

Шарафутдиннің ЖЖМ-ды бақылаусыз жұмсау жоспарында да бұзушылықтар бар: мысалы, аудандағы төтенше жағдайларды жоюға және алдын алуға бөлінген 360 литр дизель отыны мен 400 литр АИ-92 маркалы бензинге жұмсалған ілеспе құжаттар жоқ.

Қуаныш Шарафутдиннің өзі жалға берілетін тұрғын үй құжаттарының жоқтығына қатысты өз кінәсін мойындады. Ол жақын арада жалға берілетін үйлердің барлық тұрғындарымен жалға беру шарттары жасалатынын түсіндірді. Пайдаланылған бензинге қатысты ол пандемия кезінде Орал және көрші Бөрлі ауданының шекараларында блок-бекеттер ұйымдастыруға тура келген кезде, бекеттерді бақылау үшін Ақсай қаласынан блок-бекеттерді уақытша орналастыру үшін вагоншаларды тасымалдауға көп жанар-жағар май кеткенін түсіндірді. Оның айтуынша, осы уақытта бензиннің кіріс-шығыс актісіне қол қою мүмкіндігі болмады. Айта кетейік, қазір Шарафутдин шығын құжаттары жоқ дизель отыны мен бензиннің құнын өз қаражаты есебінен өтеген.

Аталған тәртіптік материалды қарау нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңес Теректі ауданы әкімінің атына Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін «Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынымдар жіберуге шешім қабылдады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-03-28
Утром2.22 ℃
Днем9.96 ℃
Вечером10.94 ℃
Ночью6.37 ℃
Влажность38 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра3.16 м/с
2025-03-29
Утром2.83 ℃
Днем10.57 ℃
Вечером11.89 ℃
Ночью8.04 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1023
Скорость ветра3.34 м/с