Батыс Қазақстан облысындағы бір отбасыны қырып кеткен қылмыскерлер Ресейден іздестіріліп жатыр

Оралдық полиция Ресейдің көршілес облыстарына арнайы сұрау салыпты. Дегенмен қылмыстық істі тергеу амалдары қазір тоқтап тұр, деп хабарлайды ASTANA TV тілшісі.

«ОА» мұрағатынан.

Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Николай Колоницкийдің айтуынша, тергеу мерзімі уақытынан асып кетіпті. Яғни, ол процессуалдық тұрғыда тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейін биыл қаңтардың 14 күні Янайкино кентінде қанды оқиға тіркелген. Запромётовтер отбасын белгісіз біреулер қойша бауыздап кетіп, елді дүрліктірген еді.

Николай КОЛОНИЦКИЙ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

«Полиция келген кезде оқиға орнында қылмыскерлер болмаған. Бірақ сол жерден түрлі айғақ заттар табылды. Табылған саусақ таңбаларын да тексеріп жатырмыз. Ресейлік әріптестерімізге де хат жолдап, сұрау салдық. Тергеу ісі әлі аяқталмағандықтан, қалған ақпаратты айта алмаймын. Қылмысын жасыру мақсатында қарақшылар үйді өртеп кеткен. Ал, ауылдастары Запромётовтердың ешкіммен араздығы жоқ, үлгілі отбасы болғанын айтады. Жан түршігерлік оқиғаға байланысты 3 қылмыстық іс қозғалып ол Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынған.»

Кейін полиция департаменті тергеумен айналысатын тергеушілердің бірі — резонансты кісі өлтіруді кім ашатыны туралы айтты. Кісі өлтіру фактісі бойынша бірден 3 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция бұл істі шамамен 8 ай бойы аша алмады.

Тақырып бойынша:

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером7.73 ℃
Ночью7.21 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с