Президенттің жолдауын орындауға 2 триллион теңгеге жуық қаржы жұмсалады

Қаражат бірінші кезекте дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын көтеруге, бизнес кредиттерін субсидиялауға, республикалық жолдарды жөндеуге жұмсалады.

Қазақстан президентінің жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшін шамамен 2 триллион теңге қажет. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Оның айтуынша, жолдауда айтылған бірқатар тапсырманы орындау үшін биылғы республикалық бюджетте белгілі бір сома қарастырылып қойған. Мәселен, жаңа 13 инфекциялық аурухананың құрылысына 30 миллиард теңге көзделген.

Үкімет резервінен тұрмысы төмен отбасылардың балаларына компьютер сатып алуға 70 миллиард теңге бөлініп қойды.

«Қазіргі таңда 2020 жылғы бюджетті нақтылау аясында осы жылдың шығындарын қосымша қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, олар мынадай шығындар: дәрігерлерге қосымша үстемеақы, дәрі-дәрмек сатып алу және тағы басқа. Алдын ала есептеу бойынша биыл қосымша қажеттілік 300 миллиард теңгені құрайды. Ал 2021 жылдың бюджетінде президенттің жолдауда айтқан тапсырмаларын орындауға 1,6 триллион теңге қарастырылып отыр»,- деді Смайылов үкімет үйінде өткен брифингте.

Бұл ақша, оның айтуынша, бірінші кезекте, дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысын көтеруге, ШОБ кредиттерін субсидиялауға, республикалық жолдарды жөндеуге, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасын іске асыруға жұмсалады.

Вице-премьер жекелеген тапсырмалар бойынша мемлекеттік органдармен бірлесіп қазір шығыстар нақтыланып жатқанын атап өтті.

Жолдауды орындауға қажет қаражат, негізінен, бюджеттің шығыс бөлігін оңтайландыру, көлеңкелі экономиканы азайту жұмысынан түсетін түсімдер, салық салу базасын кеңейту, жеке инвестциялар және кәсіпкерлікті дамыту есебінен қамтамасыз етіледі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-11-10
Утром1.88 ℃
Днем7.82 ℃
Вечером7.73 ℃
Ночью7.21 ℃
Влажность66 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.27 м/с
2025-11-11
Утром7.57 ℃
Днем8.4 ℃
Вечером8.8 ℃
Ночью8.23 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.26 м/с