Ағайын арасындағы араздық

БҚО-ның Абай елдімекенінде даун ауруымен ауыратын ІІ-топ мүгедегі Сүндет Ахметжановты туған ағасы ұрып-соққан. Алайда ағасы «ұрған жоқпын» дейді. Бұл оқиғаға полиция араласып, қорлау бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

34-жастағы Сүндет Ахметжанов 43-тегі өзінің туған ағасы Қадырғали Ахметжанов оны қамшымен ұрғанын айтады. Ағасынан оңбай таяқ жеген ол – сол ауылда тұратын тағы бір бауыры Қуандық Ахметжановтың үйіне қашып барған.

Екі жыл Қадырғали Ахметжановтың қолында болған Сүндет «Ол мені жиі шапалақпен ұратын еді» дейді. «Қамшымен ұрғаннан кейін денемдегі жара жазылсын деп, ол мені жиырма күндей үйден шығармай қамап қойды. Оған дейін де бетімнен шапалықпен салып қалып жүрді. Тамақ ішіп отырғанда Қадырғалидың әйелі «тамақ ішпе!» деп жүрегіме пышақ тақаған кездер де болды. Ешкімге айтпай үндемей жүре бердім. Соңғы рет аяусыз таяқ жегеннен кейін шыдай алмай, олар қалаға кеткенде Қуандық ағамның үйіне қашып кеттім», — дейді ол көзіне жас алып.

-Қорада жұмыс істеп жүргем, Сүндет келді. Қолында қамшы бар. Мынаумен Қадырғали мені ұрды дейді. Арқасын тіліп тастаған. Ертесіне Ақжайық ауылындағы ауруханаға алып бардық. Сол жерде жергілікті полицияны шақырып арыз жаздық. Қадырғалидан «неге ұрдың?» деп сұрасам: «Ұрған жоқпын, шөптен құлап қалды» деп ақталады, — дейді Қуандық.

Қадырғалидың бірқатар көршісінен «Сүндетті ұрғанын көрдіңіздер ме?» деп сұраған едік. Алайда көбісі пікір білдіруден бас тартты. Тек Зейнолла Абдрахманов есімді ақсақал «Ұрғанын көрген жоқпын, бірақ Сүндеттің өзі келіп, «мені ұрды!» деп арқасын көрсетті, шырамдар бар екен. «Ешкімге айтпаңыз. Әйтпесе, мені тағы ұрады» деді. «Ешкімге айтпа!» дегесін мен жан баласына тіс жармадым», — деді ол.

Ал «ұрды!» деген Қадырғали Ахметжанов болса, ұрмақ түгілі саусағымның ұшында тигізген емеспін деп отыр.

— Ауру адамды ұрып нем бар. Мұның бәрі қып-қызыл жала. Осыдан бірнеше жыл бұрын анам мен Сүндет Қуандықтың қолында болатын. Келінім Кәмшат анамды сыйдырмай үйінен қуып жіберді. Бір аптадан кейін Сүндетті де біздің үйге әкеліп тастады. «Бұларды асырмақ түгілі өзімнің балама беретін тамағым жоқ» деді. Содан бастап анам мен Сүндет менің қолымда болды. Бірақ Сүндет ол кезде қалада тұратын Аманша деген ағамның қамқорлығында (опекунства) еді. Анам қатты ауырып, дүние салар алдында «мына бала саған аманат» деп Сүндетті маған тапсырды. Содан 2018 жылы сот арқылы Сүндетті өз қамқорлығыма алдым. Өздеріңіз көрген боларсыздар Сүндет анық сөйлей алмайды, бұлар соны пайдаланып отыр. Менде болғанда Қуандықтың үйіне барып тұратын. Барған сайын олар арақ ішкізетін көрінеді. «Неге ішесің?» десем, «құрттай іш» деп айтты, сосын іштім дейді. Қуандыққа «Арақ неге ішкізесіңдер?» десем, «ішкізген жоқпыз» деп олар мойындамайды. Ақыл есі кем адамды ортаға салып, ел-жұртқа масқара қылып, айқай шығарып отырғандары мынау. Қамшыны көрсеткен болар сіздерге. Анау өздерінің жылқы айдап жүрген қамшысы. Ана қамшымен біреуді ұратын болсаң бір жері сынатыны анық. Неліктен мұндай әрекетке барып отырғандарын біліп отырмын. Оларға Сүндет емес оның зейнетақысы (пенсиясы) керек. Мен Қуандықтың өзіне айтқам: «Зейнатақысы керке болса, міне, банк картасы алыңдар» деп. Әйелдің кесірінен (келіні Кәмшатты айтып отыр – ред) біздің арамызда осындай жанжал туындап отыр, — дейді Қадырғали.

Теректі ауданының 2-ауруханасы (Ақжайық ауылындағы) директорының орынбасары Саягүл Аденованың айтуынша, 12 тамыз күні Сүндетті Қуандықтың зайыбы Кәмшат алып келіп, ұрып-соққандығын анықтайтын анықтама берулерін сұраған.

— Біздер ондай анықтама бере алмайтынымызды айттық. Өйткені полициядан ресми хат жолдануы керек. Содан олар жергілікті полиция бөліміне барып арыз түсірген. Полиция бөлімінен ресми хат келгеннен кейін біз анықтама бердік. Сүндеттің денесін қараған кезде арқасында шырам болды, — дейді Саягүл Қайыржанқызы.

Бұл мәселеге қатысты қылмыстық істің қозғалған-қозғалмағанын білу үшін Ақжайық полиция бөліміне бардық. Аталған бөлімнің аға тергеушісі Дәулет Кәпизов ҚР Қылмыстық кодексінің 110 бабы (қорлау) бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатқандығын, прокурордың келісімінсіз одан артық ақпарат айта алмайтынын айтты.

Ақжайық ауылының әкімі Болат Қадыралиев ағайын арасындағы айқайдан хабардар екенін, екі тарапты татуласуға шақырғанын айтады. «Маған Қуандықтың әйелі Кәмшат пен Сүндет келіп, болып жатқан оқиғаны баяндады. Жағдайды естіген соң мен Қадырғалидың үйіне бардым. Бірақ мен барғанда ол үйінде болмады. Далаға шөп шабуға кеткен екен. Содан оған телефон арқылы хабарласып, мән-жайды сұрадым. «Қол көтерген емеспін» деді. Мен Кәмшатқа Қадырғали мен Қуандықты ақсақалдар кеңесі мен қоғамдық келісімге шақырып, әңгімелессек деген ұсынысымды айтқам. Бірақ одан Кәмшат бас тартты», — дейді ауыл әкімі.

Айгүл ШАКІБАЕВА, «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтары жөніндегі комиссия» ҚБ заңгері:

— Заң бойынша қамқоршы қамқоршының құқықтары мен мүдделерін қорғауға міндетті. Бірақ іс жүзінде бұл формальдылық. Қамқоршыларға жауапкершілік туралы толық ақпарат берілмейді. Бір міндет — зейнетақы шығындары туралы есептерді қорғаншылық органдарына тапсыру. Бұл жерде істің жабылмауы маңызды, ал жаза қатал, өйткені мүгедектігі бар адам осал топқа жатады және оны мемлекет қорғайды. Ең дұрысы, өркениетті әлемдегі мұндай тәжірибе, мұндай мүгедектігі бар ересек адам туыстарынан бөлек, оны қарайтын адаммен бір үйде тұруы керек.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-02-07
Утром-17.35 ℃
Днем-10.86 ℃
Вечером-11.68 ℃
Ночью-10.37 ℃
Влажность81 %
ДавлениеhPa 1027
Скорость ветра4.52 м/с
2026-02-08
Утром-7.21 ℃
Днем-5.25 ℃
Вечером-7.3 ℃
Ночью-5.24 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра4.88 м/с