Қашықтан оқу машақаты

Қашықтықтан оқу елімізде көп ата-ананың әлеуметтік жағдайын анықтап берген сияқты. Біріншіден, баласын қадағалап оқытуға көптеген ата- ананың уақыты жоқ. Жұмыс істеуі керек. Екіншіден, қашықтан оқытатын оларда құрал- жабдықтар, компьютер, планшет жоқ және интернет қостырып беруді жағдайлары мүлде көтермейді, ал кей ауылдарда интернет мүлдем жоқ.

Ашық көздерден.

Қазақстанда 379 елдімекенде телефон да, интернет те жоқ. Ол ауылдар магистральды байланыстан алыс орналасқан. Ал, желіге қосылған ауылдардың интернеті сын көтермейді. Пандемия тұсында білім жүйесіндегі интернет, цифрландыру деңгейіне қарап отырып, саланың соншалық ақсап тұрғанын байқадық. Қолданушылар бір уақытта пайдаланғандықтан, онлайн сабақ сыр беріп, қашықтықтан оқу кезінде қаланың өзінде интернет күші жетпей қалды.

Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенкодан айтуынша, елде мұндай 379 елдімекенге телефон байланысы және 2G, 3G, 4G немесе ADSL, FTTx интернет байланысы әлі жетпеген.

«ОНЛАЙН» болуға тырысқан оқушылар.

Білім ресурсына республикалық «Ел арна» мен «Балапан» телеарнасы қосылып, сабақты тегін өткізуде. Өкініштісі ата- аналар мен мұғалімдердің айтуынша, теледидардан өтетін сабақтар мектепте өтіп жатқан пәндердің оқу жоспарына сәйкес келмейді екен. Ал «Zoom» сияқты онлайн оқулар ақылы түрге көшкен. «Ютуб» әлеуметтік желісінде түрлі оқулар іске қосылған. Олардың не мақсаты бар, не оқытатыны белгісіз. Оқушылардың миын қатырып, адастырып, шатастырмауы үшін әркімнің желіде сабақ өткізуін Білім және ғылым министрлігі қадағалау керек сияқты. Өткеннен түйген бір келеңсіздік, ол – мұғалімдер мен оқушылардың қашықтан оқудың тәртібін ұйымдастыра алмауы.

Желіні ұстау сәттері.

Жақында Қазақстанда мектеп оқушыларының қашықтан оқуы барысында тағы бір мәрте порнографиялық бейнежазба қосылды. Бұл жолы баласының сабағы кезінде балағат сөздер естіп, анайы видеоны байқап қалған алматылық әйел «Дежурный по городу» Facebook парақшасында өз шағымын жеткізді.

«Білім және ғылым министрлігі, санитарлық дәрігерлер мен қала әкімдігіне үндеу жасаймын. Менің балам бесінші сыныпты қашықтан оқып жүр. Бейсенбі күні біздің оқушылар Zoom арқылы өтіп жатқан сабақ кезінде жаман сөздер кездесетін ән тыңдап, балағат сөздер естіген. Ал бүгін порнографиялық видео қосып жіберді. Ата-аналар бұл жағдайды біліп, жағамызды ұстап отырмыз. Бұл кәмелетке толмаған балаларды азғындыру ғой! Бұған кім жауап береді? Біздің балаларға Қазақстанның Конституциясына сәйкес мектепте білім алуға рұқсат етіңіздер!» – деп жазыпты алматылық әйел.

«Ең алғашқы рет анайы видеоларды жұма күні көрсеткен. Бүгін тағы бір рет қайталанып отыр. Кейбір балалар 11 жаста болса да балалардың қалай дүниеге келетінін білмейді ғой. Мұны көрген олардың психологиясына қалай әсер еткенін айтсаңыздаршы! Бірінші рет көрсетілгеннен кейін мен өзімнің балама барлығын бастан аяқ түсіндіруіме тура келді. Бірақ болған жайт барып тұрған сорақылық қой! Бұл платформа оқуға мүлдем арналмаған», – дейді әйел.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыту кезінде порнография қосылып кеткені жайлы айтылған болатын. Өз кезегінде елордалық білім басқармасы мұны кім істегінін анықтау үшін полицейлерге арызданған.

Қазақстандық ата-аналардың пікірінше, қашықтан оқытудың ең басты бес кедергісі:

мұғалімдер мен ата-аналардың компьютер тілін жетік білмеуі;

қашықтан оқытудың бірыңғай әдісінің болмауы;

компьютерлер мен смартфондардың жеткіліксіздігі;

қашықтан оқытуға арналған арнайы оқу бағдарламасының жоқтығы;

интернеттің қолжетімсіздігі.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-12
Утром22.13 ℃
Днем33.63 ℃
Вечером33.6 ℃
Ночью26.05 ℃
Влажность35 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра7.05 м/с
2025-07-13
Утром21.78 ℃
Днем28.89 ℃
Вечером28.96 ℃
Ночью21.29 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра5.54 м/с