БҚО-да тұмауға және ЖРВИ-ге қарсы екпе кімге тегін жасалады

Қыркүйек айынан бастап облыста тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация басталады. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан, жұқтыру қаупі жоғары және тұмаудан кейінгі ауыр асқынулардың пайда болу топтарына жататын адамдар тегін негізде егіледі.

Ашық көздерден.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев айтып өткендей, өткен 2019-2020 жылдары облыста 24 мыңнан астам ЖРВИ жағдайы тіркелген, 17 мың жағдайда 14 жасқа дейінгі балалар ауырған. Сонымен қатар, тұмаумен сырқаттанудың 204 жағдайы тіркелді. ДДҰ ұсынысы бойынша БҚО тұрғындарының кемінде 10% – ын егу жоспарлануда.

– Тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация болып табылады. Жыл сайын облыста халықтың 10% – дан астамы егіледі. Өткен маусымда тұмауға қарсы 70 мыңнан астам адам егілді, бұл халықтың жалпы санының 10,6%, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен 64 мыңнан астам адам егілді. 2020 жылы бюджет қаражатына 58 млн теңгеден астам сомаға ресейлік өндірілген «ГРИППОЛ +» вакцинасының 67 мың дозасы сатып алынды. Қыркүйек айының ортасынан бастап облыста тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация басталады. Бұл азаматтардың жіті респираторлық аурулар кезінде тұмауға қарсы тұрақты иммунитеттің дамуы үшін жасалып отыр, – деді Мұхамғали Арыспаев.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Әбдірахманова халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан шыққан, жұқтыру қаупі жоғары және тұмаудан кейінгі ауыр асқынулардың пайда болу топтарына жататын адамдар тегін негізде егілетінін айтты.

– Бұл санатқа алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің балалары, жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек – тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша қарттар үйінің қонақтары жатады. Тұмау мен басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиологиялық маусымы 1 қазаннан басталады және ЖРВИ мен тұмаудың асқынуын болдырмау үшін вакцинация және спецификалық емес профилактика жүргізіледі, – деді Гүлнар Әбдірахманова.

Айта кету керек, ата-аналар балаларды тұмаудан және ЖРВИ-дан вакцинациялаудан бас тарта алады.

Көрнекі сурет.

– Егу алдында медицина қызметкерлері баланың анамнезін, кім, қашан және немен ауырғанын толық зерттейді. Ата-аналардың рұқсатынсыз балаларды егуге болмайды, – деді Мұхамғали Арыспаев.

Тегін вакцинация санатына кірмейтіндер оны ақылы негізде ала алады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-17
Утром19.09 ℃
Днем28.56 ℃
Вечером30.65 ℃
Ночью23.15 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра4.77 м/с
2025-07-18
Утром19.22 ℃
Днем29.16 ℃
Вечером28.27 ℃
Ночью22.02 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра4.68 м/с