Оралда көпқабатты үйлердің терезесінен жеті бала құлаған
Жыл басынан бері көп қабатты үй терезелерінен жеті бала құлап кетсе, оның ішінде бір бала қайтыс болды.

БҚО ТЖД бастығының уақытша м.а. Ақылбек Ахметжанов 2020 жылдың өткен кезеңінде үйдің терезесінен жеті бала құлап кеткенін хабарлады.

«17 ақпанда үшінші қабаттың терезесінен 6 жасар бала құлап, 9 мамырда үшінші қабаттағы пәтерден 5 жасар бала құлап кетті. 10 және 11 маусымда қаланың әртүрлі аудандарында бірінші қабаттың терезелерінен екі бала құлап түсті. 1 шілдеде ересектердің қарауынсыз қалған бала 2-қабаттың терезесінен құлап кетті. 5 шілдеде бала 4-қабаттың терезесінен, ал 18 тамызда 9-қабаттың терезесінен құлап кетті,» – деді Ақылбек Ахметжанов.
Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ терезелерде, әсіресе жоғарғы қабаттарда құлыптар жасау туралы өтініш білдіреді.

Айта кету керек, 2018 жылы балалардың терезден құлауының 4 жағдайы орын алғанмен, қайтыс болғандары болмап еді, 2019 жылы – 7 жағдай, оның 3-і қайтыс болды.
Жақында Оралда 7-қабаттың терезесіне шығып алған бала туралы жазған болатынбыз. Анасының айтуынша, кәмелетке толмаған бала терезені сүртпек болған. Ата-анасына ескерту жасалды.