Kaspi.kz Kaspi Картоматына патентті пайдалануды қолжетімді етті

Kaspi Картоматқа берілген лицензияны Қазақстанның аумағында қолжетімді етті. Бұл жайлы ақпарат Ұлттық зияткерлік меншік институтының сайтында жарияланды.
Бұрын Kaspi.kz патент алған болатын, патент тек технологияларға ғана емес, сонымен қатар мобильді қосымша мен картоматты пайдаланып, төлем карточкаларын шығару алгоритміне де компанияның меншік құқығын бекітеді.
Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе былайша түсіндіріп өтті:
«Біздің командамыз тек бірегей құрылғыны ғана емес, сонымен қатар Kaspi Gold алудың ерекше байланыссыз процесін әзірледі. Қазіргі пандемия жағдайында байланыссыз технологияларды дамыту өте маңызды – бұл клиенттер мен қызметкерлердің денсаулығына төнетін қауіпті азайтуға көмектеседі. Міне сондықтан біз патентті Қазақстандағы барлық әріптестеріміз үшін қолжетімді етейік деп шештік. Елімізде картоматтардың саны барынша көп болғаны көңіл қуантар еді, өйткені қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы бәрінен маңызды!».

Өткен жылдың қараша айында Михаил Ломтадзе Kaspi.kz-тің инновацияларының дәстүрлі таныстырылымында Kaspi Картоматтың көмегімен карточканы шығарудың байланыссыз технологиясын таныстырған болатын. Kaspi Картоматтың көмегімен қызметкерлерге хабарласпай-ақ, 60 секундтың ішінде атаулы төлем карточкасын шығаруға болады. Бүгінгі таңда бүкіл еліміздегі Kaspi.kz бөлімшелерінде 148 Kaspi Картомат орнатылған.
