БҚО полициясы айыппұл туралы SMS олардың жүйесіндегі қателіктерге байланысты келгенін мойындады
Оралда төленбеген айыппұлдар туралы СМС хабарламаларын жаппай тарату техникалық ақауға байланысты екен. Полиция бұл хабарды елемеуді сұрайды.
Кеше, Батыс Қазақстан облысындағы Биллайн абоненттері төленбеген айыппұл және полицияға келу қажеттілігі туралы СМС хабарлама алған еді. Хабарламада, азаматтың әкімшілік айыппұлы бар, ол оны төлемеген және БҚО полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасына келуі тиіс делінген еді.
