«Мектептерді ашуға дайынбыз». Білім министрлігі дәстүрлі оқудың бірнеше нұсқасын ұсынды

Биылғы жолдауда мемлекет басшысы санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді тапсырған болатын.

Көрнекі сурет.

Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі білімге беруге көшуге қатысты бірнеше ұсыныс жасады. Олар денсаулық сақтау министрлігінде қаралатын болады. Бұл туралы вице-министр Шолпан Каринова мәлімдеді.

«Білім министрлігі де ата-аналар мен педагогтар сияқты мектептердің жұмысын штаттық режимде қалпына келтіруді қалайды. Осыған байланысты біз санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай дәстүрлі білімге көшудің бірнеше жолын ұсындық», — деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Шолпан Каринова

Оның айтуынша, министрлік мектептерді жергілікті биліктің шешімімен ашуды ұсынып отыр. Өйткені әр аймақта санитарлық-эпидемиологиялық жағдай әртүрлі. Сосын ондай шешім жергілікті санитарлық дәрігермен келісіп жасалуы қажет.

«Біздіңше, бұл – ең дұрыс тәсіл. Себебі жеріміз кең және әр жерде эпидемиологиялық ахуал әртүрлі. Осындай ұсыныс бар», — деп атап көрсетті Каринова.

Мектептердің жұмысын жандандыруға қатысты басқа да ұсыныстар бар. Бірақ вице-министр оны ашып айтпады.

«Біз соның бәрін жұмыс тәртібі бойынша денсаулық сақтау министрлігімен пысықтап жатырмыз. Бүге-шүгесіне дейін қарастырудамыз. Әрине, басты міндет – балалардың денсаулығын сақтау. Сол себепті дұрыс шешім қабылдау қажет. Ол жайында қосымша хабарлайтын боламыз», — деді Каринова.

Айта кетейік, биылғы жолдауда мемлекет басшысы санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеуді тапсырған болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-12-11
Утром-7.28 ℃
Днем-6.45 ℃
Вечером-4.84 ℃
Ночью-5.26 ℃
Влажность55 %
ДавлениеhPa 1028
Скорость ветра5.8 м/с
2025-12-12
Утром-3.07 ℃
Днем-1.22 ℃
Вечером0.33 ℃
Ночью-0.21 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра6.52 м/с