БҚО-да полицейлердің қатысуымен пара алу және беру деректері азаймай отыр

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлерінің қатысуымен пара алу және беру деректері азаймай отыр. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кеңес отырысында айтылды.

Ашық көздерден.

Полиция қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері де талқыланған жиында мәлім етілгеніндей, сыбайлас жемқорлық деректері жөнінен БҚО республикада бірінші орында екендігі белгілі. Биылғы жеті айдың қорытындысы бойынша өңірде 101 пара алу және беру дерегі тіркелсе, соның 83-і полиция қызметкерлерінің қатысуымен болған. Бұл полиция қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлықтың тыйылмай отырғандығын көрсетеді.

2017-2020 жылдары БҚО полиция департаментінен сыбайлас жемқорлыққа барған 38 қызметкер қызметтен қуылған. Соның ішінде 2017 жылы – 17, 2018 жылы – 9, 2019 жылы – 2, 2020 жылы қаңтарда 6 қызметкер қызметімен қош айтысқан.

Жиында баяндама жасаған БҚО полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Жанболат Жаншин биылғы сегіз айда жол-көлік оқиғаларының 2,7, соның салдарынан қаза тапқандардың 26,3 және жарақат алғандардың 19,3 пайызға азайғанын жеткізді. Жол апаттарының негізгі себептері жылдамдықты шектен тыс арттыру (52 жол-көлік оқиғасы немесе барлық оқиғаның 29,7 пайызы, 10 адам қаза тауып, 33-і жарақат алған), бұрылу ережесін сақтамау (23 ЖКО, 13,1 пайызы, 5 адам мерт болып, 24-і жарақаттанған), қиылыстарда жүру тәртібін бұзу (32 ЖКО, 18,3 пайызы, 3 адам көз жұмып, 41-і жарақат алған), жаяу жүргінші өткелінен жүру ережесін бұзу (19 ЖКО, 20 адам жарақат алған), жаяу жүргіншілердің ереже бұзуы (12 ЖКО, 12 адам жарақат алған) болып отыр.

Сонымен қатар көлікті мас күйінде жүргізушілердің 12,8 пайызға көбейгені алаңдатады.

Кеңес қорытындысында өңір басшысы облыста жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ полиция қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жұмыстарды жалғастыру үшін бірқатар тапсырмалар берді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-01-16
Утром-14.83 ℃
Днем-12.47 ℃
Вечером-12.72 ℃
Ночью-14.57 ℃
Влажность75 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра7.61 м/с
2026-01-17
Утром-17.12 ℃
Днем-15.68 ℃
Вечером-18.85 ℃
Ночью-21.15 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1045
Скорость ветра6.43 м/с